Криминалистика - нәзік жандылар үшін ауыр қызмет
Бүгінгі күні қиындығы мен қаупі қатар жүретін құқық қорғау қызметінде ерлермен қатар ару-аналарымыз да қызмет етуде
Оқырмандарды Өскемен қаласындағы Полиция басқармасының жедел-криминалистика бөлімінің аға криминалисі, полиция подполковнигі Чукетаева Гульназ Төлегенқызымен таныстырмақпыз.
Ішкі істер органдарына келуіңізге не себеп болды?
- Криминалистикаға қызығушлығым бала кезден басталды. Қылмыс, детектив жанрына қатысты кітаптар көп оқитынмын. Өйткені әкем осы жанрдағы кітаптарды ұнатып оқығандықтан, үйдегі сөрелер сандай кітаптарға толы болатын. Мектепті үздік бағамен тәмамдап, қалаға оқуға тапсыруға келдім. Алғашқыда қаржы мамандығын таңдадым. Ол оқуға түсе алмай, өз туған жерім Марқакөл ауылына қайтып, мектепте биология пәнінен сабақ бердім. Бір жола ұстаз болам деп шешіп, қазіргі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға "биология" пәні мұғаліміне оқуға түстім. Оқуды үздік аттестатпен аяқтадым. Кейін тұрмысқа шығып, Шемонаиха қаласына қоныс аудардым. Жолдасым қаладағы ішкі істер органында қызмет атқарды. Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі боп мектептердің біріне орналастым. 5-6 жыл жұмыс атқарғанан кейін, бала күнгі арманымды орындауға бел будым. Шемонаиха қаласы мемлекеттік тілді дамыту тобының инспекторы болып ішкі істер органындағы қызметтік жолымды бастадым. Бұл топ жаңадан құрылғандықтан жауапкершілік көп болды. Қызметте жақсы жағымнан көрінгендіктен Өскемен қаласына облыстық Полиция департаментіне мемлекеттік тілді дамыту тобының инс-пекторы болып жұмысқа шақырылдым. Қылмыспен күрес, жедел қызметте жұмыс жасағым келгендіктен 2012 жылы криминалистика қызметіне ауыстым. Криминалистика саласында 10 жылға жуық уақыт қызмет етіп келемін.
Криминалистің бір күні қалай өтеді?
- Жұмыс болғандық бір жағынан қиын, екінші жағынан қызықты. Өйткені жедел тергеу тобының құрамында бір күнде қаншама қылмыс болса, криминалистер сол оқиға орнына бірге бірінші болып барады. Оқиға орнын тінтіп, ол жерден заттай дәлелдерді тауып, қылмыскерді ізін суытпай ұстауға біздің тарапымыздан үлкен жұмыстар атқарылады. Оқиға орнында қалған саусақ ізі болсын, қандай да бір қылмыскерден қалған айғақтарды анықтап, қылмысты ашуға өз септігімізді тигіземіз. Айғақтарды бөлімге әкеліп, зерттеу жүргіземіз. Бір қуантатыны қазір осы салада қызмет етіп жүрген жастар қылмыстың бетін ашуға қатты құлшынады. Барып, көріп, айғақтарды тауып, ізденіс танытып жатқандарын көргенде көңілім бір марқайып қалады. Әрбір қылмысты ашқан сайын қанаттанып, жігерлене түседі деп есептеймін.
Отбасылық өміріңізге тоқталып өтсеңіз?
- Тұрмыстамын. Жолдасым екеуіміз екі қыз бала тәрбиелеудеміз. Жұбайым бұрын ішкі істер органында қызметте болғандықтан, жұмысыма түсіністікпен қарап, қолдап отырады. Осы салада қызмет етіп жүрген әйел адамдарға ең бастысы жарының қолдауы керек деп ойлаймын.
Бұл саланы таңдағаныңызға өкініп, басқа салаға кеткіңіз келген кездер болды ма?
- Жоқ, мүлдем өкінбеймін. Басқа салада өзімді көре алмаймын. Атқарып жүрген жұмысым өзіме рахат сыйлайды.
Криминалист болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек?
- Ең бастысы - білім. Білімге деген құлшыныс керек. Криминалистиканың тео-
риясын білмеген адам, бұл салаға жайдан-жай келіп жұмыс істеп кете алмайды. Өйткені өте көп еңбектенуді қажет ететін мамандық. Үлкен көлемде әдебиеттер, зерттеу түрлерін, әдістемелер оқимыз. Сол оқығанды көңілге тоқи білуің керек. Үйренгенге құлшынысың болмаса, еңбегіңнен нәтиже шықпайды. Екішіден, шыдамдылық керек. Үшіншіден, өз жұмысыңа деген сүйіспеншілік. Жұмысыңды шын ықыласпен жасамасаң, бос уақыт өткізгендік деп есептеймін.
Ең алғаш рет оқиға орнына барып, мәйітті көру қаншалықты ауыр болды?
- Ең бірінші рет мәйітті көру әрине ауыр тиеді. Менде бірінші мәйіт бала болды. Сондықтан маған екі есе ауырға соқты. Адамдардың қайғысын көру оңай емес. Бірақ ақырындап көндігіп, үйреніп кетесің. Өйткені бұл - қызмет. Ал бұл қызметте босаңсуға, эмоцияға берілуге болмайды.
Мереке қарсаңында қыз-келіншектерге қандай тілегіңіз бар?
- Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Әсіресе осы салада қызмет атқарып жүрген әйел адамдарға зор денсаулық, еңбектеріне жеміс, баянды бақыт тілеймін! Әрдайым екінші жұптарыңыз сіздерді қолдап, қорғап жүрсін!
Следующая →