Әскербектің әсем әлемі
Осынау ұяң да өжет жігітті бала кезінен білетінмін. Зымырап жатқан уақыт оны да жігіт ағасы жасына әкеліпті. Көптен көрмегем, сабырлы жүзі мен күлімдеген екі көзінің маңайына ептеп әжім кіріпті...
Қашан көрсең де жымиып жүретін елгезек Әскербектің "жә!" деген суретші, мүсінші болғандығынан бейхабар болғандығымнан ұялып қалдым. "Мен осындай үлкен іс жасадым, тындырдым!" деп өзі де айта қоймайтын талантты жігіттің бүгінгі күні оң жамбасқа келген шаруасына қарасаң көз тояды. Әсілі, қазақтың "Бәсең болсаң, бәйгеге қосыларсың" деген сөзінде жан бар...
Сексенінші жылдары Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген оның бүгінгі күнге дейін өзі сүйіп таңдаған мамандығына адал екенін байқауға болады.
Өнерлі жан жерде қалмайтыны рас екен. Бұдан кейін ол әйгілі "Көшпенділер" көркем фильмі мен "Композитор" атты фильмге шақыртылып, олардың декорацияларын жасап, мүсіндер сомдады.
Әскербек Қашабаевтың майлы бояумен, акварельмен салған этюдтері бір төбе. Онда туған жерінің табиғатын бейнелеген суретші жігіт оның барлық әсемдігі мен колоритін анық көрсете білген.
Следующая →
Сүйіп таңдаған мамандығына адал
Сексенінші жылдары Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген оның бүгінгі күнге дейін өзі сүйіп таңдаған мамандығына адал екенін байқауға болады.
- Тоқсаныншы жылдардың топалаңы кезінде әсіресе, біздің өнер адамдары көп запы шекті ғой, - дейді мүсінші, суретші Әскербек Қашабаев. - "Байтал түгіл бас қайғы" болған кер заманда нан тауып жеудің өзі қиямет болды. Суретші, скульпторлар тұрмақ басқа да мамандықтарға атқарар қызмет табу бір машақат болды емес пе. Нан тауып жеудің өзі қиын болғаны шындық. "Өткен күнде белгі жоқ" деген... әзір ұмыт бола бастады ғой. Сондықтан қазір есеміз кеткен есіл уақыттың өнерге берер еншісін толтыруға барынша тырысып жатырмыз.Үржар ауданына қарасты Қарақол ауылының түлегі Әскербек шынында да осы жылдар ішінде ауыз толтырып айтарлықтай істер жасаған. Әскербек Қашабаев 2006 жылы Түркияның Стамбул қаласында өткен суретші-декораторлар сайысында 21 мемлекеттен келген өнер тарландарының арасында жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Бес жұлдызды мейманханалардың ішкі интерьерін безендіру сайысы бұл үшін үлкен мектеп болғаны анық. Жарты сағаттың қорытындысы бойынша туындының композициясы мен суретші-декоратордың шеберлігі сыналған сайыста мұның да шығармашылығы жоғары бағаланды. Бұдан кейін де Ресей, Түркия, Молдова елдерінде өз өнерін паш еткен жерлесіміз 2012 жылы Ресейдің Чебоксары қаласында ағаштан түйін түйген шеберлер мен мұздан мүсін жасаушылар байқауына қатысты. Әлем экологиясы тақырыбын қамтыған өнер сайысында қатысушылар "Қызыл кітапқа" енген аң мен құстардың бейнесін ойып шығаруы тиіс. Қуатын бензиннен алатын арамен (бензопила) уақытқа жұмыс жасаған мүсіншілердің жұмыстарын белді-белді қазылар алқасы бағалады. Олардың құрамында қазақстандық мүсіншілер Вагиф Рахманов, Шоқан Төлеш және Эдуард Казарян, сонымен қатар "Сегіз көлдің" генерал директоры мен дизайнері Юлия Болатова болғанын айта кеткен ләзім. Мұнда да Әскербек Қашабаевтың мұздан, терек ағашынан ойып шығарған туындылары жоғары баға-ланды. "Қанатты барыстың" авторлары Алматыдан келген Әскербек Қашабаев, Равиль Мажитов және Даир Сахытов болды.
"Көшпенділердің" декорациясын жасаған
Өнерлі жан жерде қалмайтыны рас екен. Бұдан кейін ол әйгілі "Көшпенділер" көркем фильмі мен "Композитор" атты фильмге шақыртылып, олардың декорацияларын жасап, мүсіндер сомдады.
- Рас, мұның бәрі алдын ала фильм түсірер алдында болды. Бізді тек келісімшарт арқылы шақыртқандықтан еңбегімізді аса бұлдамадық. Алайда мен содан өзіме көп сабақ ала алдым. Мәселен, Қазақ хандығына 550 жыл толуы қарсаңында даңқты Қабанбай, Бөгенбай т.б. батыр бабаларымыздың мүсіндерін балауыздан, пенопластан жасап шықтық, - дейді ол.Әскербек бауырымыздан өзінің жасап жүрген ісі жөнінде әңгімелеп беруін өтінген едік.
- Мүсіндеме дегеніміздің өзі бейнелеу өнерінің бір түрі ғой. Оның ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланылатын материалдарына байланысты болып келеді, - дейді мүсінші. - Бүгінгі күні біздің елде өнердің осы түрі кең қанат жайып келе жатқаны рас. Жалпы, мүсінші мамандығы өнер саласындағы ең күрделі мамандықтардың бірі болғандықтан, екінің бірі бұған бел шешіп кірісіп, бастап кете алмайды. Бұл өзі тастан, ағаштан, саз балшықтан жасала беретіндіктен, онымен көп адам айналысып кете алады. Тек оның әсемдігі қай деңгейде болатындығы бөлек әңгіме. Мәселен, ағаштан мүсін жасап шығару үшін оны алдымен қараңғы жерге қойып кептіріп аламыз. Сосын мүсін жасауға дайын болғаннан кейін ғана жұмысты жалғастыра аламыз.Өнер туындысын сомдап шығару оңай шаруа емес. Алдымен, жасалатын мүсіннің өлшемі мен қаңқасы күні бұрын дайындалады. Жалпы, көптеген мамандар жұмысының басым бөлігіне саз балшық, гипс және ағашты қолданады. Әлбетте, кейін оны қоладан, тағы басқа материалдан жасатуға болады. Әдемі жасалған мүсіндер мүсіншінің дара қолтаңбасын көрсетеді. Ал оны жасап шығару үлкен еңбек пен дарынды қажет ететіндігі бесенеден белгілі.
Әскербек Қашабаевтың майлы бояумен, акварельмен салған этюдтері бір төбе. Онда туған жерінің табиғатын бейнелеген суретші жігіт оның барлық әсемдігі мен колоритін анық көрсете білген.
- Park Resort қар мен мұз мүсіндердің халықаралық байқау фестивалінде әлемнің әр түкпірінен келген мүсіншілер бес күн бойы мультфильмдердің ғажайып фигура-кейіпкерлерін жасаған болатын. Біз отбасымызбен сол фестивальді тамашалау бақытына ие болдық, - дейді суретші Арсен Аманов. - Мұндай өнер туындылары біздер үшін өте құнды. Жерлесіміз Әскербек Қашабаевтың сомдаған мүсіндері біздің көңілімізден шықты.