Усть-Каменогорск
ясно
+3°
  • Усть-Каменогорск
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +11°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +12°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Уральск
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зайсан көшелерінің қары күрелмеген бе?

Зайсан ауданындағы халық кей көшелердегі қар қыс басталғалы бері тазартылмағанын айтып шағымдануда

- Автобус журетін Шаймардан көшесі тазаланбайды. Бұл көшеде әсіресе зейнеткерлер көп тұрады, - деп пікір білдірді аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында Гүлжанат Ошақбаева.
Тұрғындар жаяу жүргіншілер жолына да техника тимегенін алға тартады. 
- Мешіт жақтағы бағдаршамнан базарға баратын жол мүлдем тазартылмаған. Көлік жүретін жолмен жүруге мәжбүрміз, - дейді зайсандықтар.
Алайда Зайсан ауданы әкімдігіндегілер қардың қалың түсуіне байланысты қала, ауыл көшелерін қардан тазалау жұмыстары күн-түн демей жүргізіліп жатқанын айтып отыр.
- Зайсан қаласы бойынша 12 техника, яғни 2 грейдер, 3 камаз, 3 трактор, 4 погрузчик, сондай-ақ, аудан және қала әкімшілігінен 28 адам қар тазалау жұмыстарын жүргізуде. Қардың тапталып, ауырлауы техниканың жұмысына кедергі келтіруде. Сондықтан түсіністік танытып, сабыр сақтауларыңызды сұраймыз, - дейді аудан әкімдігіндегілер.
Әкімдік әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат жариялап әлек.
- Техникалар күн-түн демей тазалап жүр, оңай емес, көзімізбен көріп отырмыз, - дейді тұрғындардың бірі. - Осы соңғы кезде көрсек те көрмегендей болып, бәрін жоққа шығаруды әдетке айналдырып бара жатқан сияқтымыз. Әдейі барлық көшені аралап шықтым, тіпті "Жаңатұрмыс" жаққа барғанмын, күреп жатқанын көрдім.

Следующая →