Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Өскемен қаласында Президенттік қысқы көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының республикалық чемпионаты өтті
- Қысқы спартакиада қорытындысы бойынша шаңғы тебуден үздік өнер көрсеткен Ұлттық ұланның Әскери инстиутының құрамасы бірінші орынды иеленсе, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы екінші орыннан көрініп, "Орталық" өңірлік қолбасшылығының спортшылары үшінші орынды місе тұтты. Сондай-ақ, әскери спортшылар гір екісайсынан 68, 73 және 78, 85 келіге дейін, сондай-ақ 85 келіден жоғары салмақта күш сынасты. Спорттың бұл түрінен елордалық 5573 әскери бөлімі бас жүлдеге ие болса, бұл жолы да "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының құрамасы екінші орынды жеңіп алды. Ал ҰҰ Әскери институының құрамасы үшінші орын алды, - деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді.