Ұлылар мекеніне саяхат
Жамбылдың жолбарысы, Нұрғисаның аққуы қайда?
Бірі жырдың дауылы,
Бірі күйдің нөсері,
Жамбыл менен Нұрғиса –
Ұлылар ғой кешегі.
Бір ғасырда бір туар
Перзенттері бар елдің,
Маңдай бағы бес елі!
Қазақтың қасиетті даласында, киелі топырағында кімдер дүниеге келмеді десеңізші! Бір ғасыр емес, жүз ғасырдың куәгері болған осынау атырап бәрін туғызды: батырды да, ақынды да, күйшіні де, жыршыны да, ғалымды да. Өткен айда жол сапары Алматыға түсіп, Алатаудың баурайын 10 күн шарладым. Құдайдың бұйрығымен Ұзынағаш елді мекенінен жарым сағаттық жерде орналасқан Жамбыл ауылының дәм-тұзы тартты. Бұл – ғасыр жасаған жыршы ата мен дәулескер күйші ағаның мәңгілік жайлы орын тауып жатқан жері.
Қисыны келгенде, бір жайттан хабардар етейін. Осыдан 3 жыл бұрын бір ағамның емші қайын атасы түс көріпті. Ертесінде қоңырау шалды.
Нұрғиса Жамбыл ақынның жақын туысы
Ауылдың дәл ортасында орналасқан Жамбыл Жабайұлының кесенесіне сырттан келер күре жол үлкен қақпасының алдына келіп тіреледі. Жыр алыбына Сталин салып берген бірнеше бөлмелі үлкен үй қазір мұражайға айналған. КСРО басшысы ол үйге қарт ақынды күтетін аспаз, дәрігер, жұмысшы, көмекшілерді қоса жөнелткен. Жәкеңнің көзі тірісінде өзі пайдаланған барлық заттары мен киім-кешегіне дейін мұражай-үйге қойылғанын көрдік. Жүз жасаған Жамбыл жерленген кесене – бақтың төрінен, мұражайдың ар жағынан менмұндалайды. Көздің жауын алатын көк күмбезді зәулім сәулет өнерінің ішіне кіріп құран бағыштадық.
Кесененің сол жағында қазақтың маңдайына біткен шоқжұлдызы, асқан домбырашы, сазгер-күйші Нұрғиса Тілендиевтің мазары асқақтап тұр. Заманында қандай дауылпаз, қандай тәкаппар, өр болса – зиратының басына қойылған тұла бойы ескерткіші де сондай паң қалпында. Нұрғиса Атабайұлы Жамбыл ақынның жақын туысы болып келетінін қазақтың бірі білсе, бірі білмес. Өлерінен бұрын: "Мені Жамбыл атамның жанына қойыңдар және "Құстар қайтып барады" әнімен шығарып салыңдар", - деп аманат айтқан екен. Көкірек сарайында небір әдемі әуездерді әлдилеп, он саусағынан не қилы күйлерді дүниеге әкелген даңқты дирижер, керемет композитор 1998 жылы 15 қазанда, жасы жетпіс бірден асқан соң өмірден озды.
Ел аузындағы аңыздарға сүйенсек, қызыл жолбарыс әу баста Сүйінбай ақынды қорғап жүрген, Сүйінбайдан кейін шәкіртіне, ізбасарына ауысқан делінеді. Жастайынан жырдың құйын дауылы атанған Жамбыл шаршы топқа түсіп жырлағанда, «қызыл жолбарысы» жанына келіп жантаяды. Сол сәтте ақынның шабыты одан сайын өршеленіп, көкірек көзі ашыла түседі екен.
Жолбарыс атаулы аңның ішінде ең әйгілі әрі ең ірісі - атақты Тұран жолбарысы. Бір тәулікте 100 шақырым жерді шолып шыға алатын оның тұқымы бенгал, амур жолбарыстарынан да үлкен болған. Ілгеріде Шығыс Қазақстан мен Алтай өңірінде жиі ұшырасқан. Соңғы таралу мекені Балқаш көлінің ну қамысы болыпты. Өкінішке орай, ең соңғы Тұран жолбарысы 1928 жылы атып алынған.
Жамбыл бабамыз көз жұмарының алдында өзінің бір туысына Алатау жақты нұсқап тұрып, қорғаушы жолбарысының қырғыздарға қарай тау асып кеткенін айтыпты. Ал қазақтың шапырашты руынан шыққан әйелден туған, қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов Сүйінбай мен Жамбылдың жолбарысы өзіне пір болғанын білдіріп: «Жамбылдың жолбарысы қазір менің жанымда. Қазақтан кемеңгер, данышпан шыққан кезде өз жұртына қайтар», - деген екен. Жыр алыбының өзі айтты делінетін мынадай да мағлұмат бар: «Менің ием, жолбарысым Тілендінің баласы Нұрғисаға кетті. Түсімде соның алақанын жалап тұр екен. Ендігі иесі сол болар». Қазір қызыл жолбарыстың кімді қорғап, желеп жүргені беймәлім.
Токиода шығатын «Нихонтоюрашя» газетінің №1508 санында тілші Шарафат Жылқыбаеваның «Қызыл жолбарыстың құпиясы» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада қазақ ауыз әдебиетіндегі аң-құс символдарының тотемдік бейнесі ақын-жыраулардың киесі саналғаны туралы жазылыпты. Жапон тілді журналист қазақ аңыздары мен ақын-жыраулар поэзиясынан үлкен орын алатын образдың бірі Тұран жолбарысы екенін айта келе ежелгі заманда қазақ халқының қызыл жолбарысты кие тұтқанын жеткізеді. Бұны білген жапондар қазақ халқына, Жамбыл Жабайұлына айрықша қатты таңғалған.
Ұлыларға пір болып, желеп-жебеп жүретін жолбарыс секілді киелі аң-құс біздің халықта көп. Мысалы, Бекет атаның иесі - арқар болған деседі. Білетіндердің айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлының жебеушісі - қар барысы екен.
Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы - 1925 жылы 1 сәуірде, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Былайғы жұрт арқалы күйшінің 400-ге тарта әннің авторы екенін, 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркемфильмге, 17 мультфильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазғанын, 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы екенін ғана білетін шығар.
Нұрғиса 5 жасынан бастап домбыраның құлағында ойнаған. Бір күні Ахмет Жұбанов Нұрғиса тұрған үйдің жанынан өтіп бара жатып, домбыраның үнін естиді. Ұлттық аспапта сонша шебер ойнап отырған кім екенін білгісі келіп, алты жасар баланы көрген соң, анасынан ұлының домбыра тартып беруін сұрайды. Шешесі Салиқа тіл-көз тимесін деп бала Нұрғиса мен академик Жұбановтың ортасына шымылдық іліп қояды. Ерекше талант иесі домбырамен қатар бокспен де айналысқан. Алайда Ахмет Жұбанов: "Не бокс, не музыка!" деп шарт қойғаннан кейін Нұрғиса өнерді таңдайды.
1943 жылы Нұрғиса Атабайұлы соғысқа аттанады. 1945 жылдың 9 мамырына дейін майданда жүріп, бірнеше рет жараланады. Соғыс біткеннен кейін "Ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін", "Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін" ордендерімен марапатталады.
Нұрғисаның «Аққу» күйі «Қыз Жібек» фильміне арқау болған туындылардың бірі. Күйдің құдіреттілігі сондай, көлдегі аққуларды билетіп жіберген. Сценарий бойынша, Төлеген мен Жібектің некесі қиылған соң, кадрда махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүруі керек. Бірақ аққулар бір-біріне жақындамай қояды. Су астындағы сүңгуірлер аққуларды қосуға тырысса да, екеуі екі жаққа жүзіп кете берсе керек. Осы кезде фильм режиссері Сұлтан Қожықов пен Нұрғиса Тілендиев ақылдасып, алдын ала таспаға жазылып алынған «Аққу» күйін қосады. Күйді естіген бойда екі аққу бір-біріне жақындап келіп, бастарын түйістіріп, ырғалып билей жөнеледі. Күйдің тілін адам түгілі құсқа ұққыза білген неткен шеберлік!
Следующая →

- Сен осы жылдан қалмай бабалар басына барып, құран бағыштап қайтуың керек. Кеше түсімде әруақтар: «Аян деген құда балаң Жамбыл мен Сүйінбайдан бастап, Қожа Ахмет, Арыстан баб секілді барлық әулие-әмбиелер мен қасиетті, киелі жерлерді араласын» деп айтты, - деді.
Нұрғиса Жамбыл ақынның жақын туысы
Ауылдың дәл ортасында орналасқан Жамбыл Жабайұлының кесенесіне сырттан келер күре жол үлкен қақпасының алдына келіп тіреледі. Жыр алыбына Сталин салып берген бірнеше бөлмелі үлкен үй қазір мұражайға айналған. КСРО басшысы ол үйге қарт ақынды күтетін аспаз, дәрігер, жұмысшы, көмекшілерді қоса жөнелткен. Жәкеңнің көзі тірісінде өзі пайдаланған барлық заттары мен киім-кешегіне дейін мұражай-үйге қойылғанын көрдік. Жүз жасаған Жамбыл жерленген кесене – бақтың төрінен, мұражайдың ар жағынан менмұндалайды. Көздің жауын алатын көк күмбезді зәулім сәулет өнерінің ішіне кіріп құран бағыштадық.
Кесененің сол жағында қазақтың маңдайына біткен шоқжұлдызы, асқан домбырашы, сазгер-күйші Нұрғиса Тілендиевтің мазары асқақтап тұр. Заманында қандай дауылпаз, қандай тәкаппар, өр болса – зиратының басына қойылған тұла бойы ескерткіші де сондай паң қалпында. Нұрғиса Атабайұлы Жамбыл ақынның жақын туысы болып келетінін қазақтың бірі білсе, бірі білмес. Өлерінен бұрын: "Мені Жамбыл атамның жанына қойыңдар және "Құстар қайтып барады" әнімен шығарып салыңдар", - деп аманат айтқан екен. Көкірек сарайында небір әдемі әуездерді әлдилеп, он саусағынан не қилы күйлерді дүниеге әкелген даңқты дирижер, керемет композитор 1998 жылы 15 қазанда, жасы жетпіс бірден асқан соң өмірден озды.
Жамбылдың киесі – қызыл Тұран жолбарысы
Ел аузындағы аңыздарға сүйенсек, қызыл жолбарыс әу баста Сүйінбай ақынды қорғап жүрген, Сүйінбайдан кейін шәкіртіне, ізбасарына ауысқан делінеді. Жастайынан жырдың құйын дауылы атанған Жамбыл шаршы топқа түсіп жырлағанда, «қызыл жолбарысы» жанына келіп жантаяды. Сол сәтте ақынның шабыты одан сайын өршеленіп, көкірек көзі ашыла түседі екен.
Жолбарыс атаулы аңның ішінде ең әйгілі әрі ең ірісі - атақты Тұран жолбарысы. Бір тәулікте 100 шақырым жерді шолып шыға алатын оның тұқымы бенгал, амур жолбарыстарынан да үлкен болған. Ілгеріде Шығыс Қазақстан мен Алтай өңірінде жиі ұшырасқан. Соңғы таралу мекені Балқаш көлінің ну қамысы болыпты. Өкінішке орай, ең соңғы Тұран жолбарысы 1928 жылы атып алынған.
Жамбыл бабамыз көз жұмарының алдында өзінің бір туысына Алатау жақты нұсқап тұрып, қорғаушы жолбарысының қырғыздарға қарай тау асып кеткенін айтыпты. Ал қазақтың шапырашты руынан шыққан әйелден туған, қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов Сүйінбай мен Жамбылдың жолбарысы өзіне пір болғанын білдіріп: «Жамбылдың жолбарысы қазір менің жанымда. Қазақтан кемеңгер, данышпан шыққан кезде өз жұртына қайтар», - деген екен. Жыр алыбының өзі айтты делінетін мынадай да мағлұмат бар: «Менің ием, жолбарысым Тілендінің баласы Нұрғисаға кетті. Түсімде соның алақанын жалап тұр екен. Ендігі иесі сол болар». Қазір қызыл жолбарыстың кімді қорғап, желеп жүргені беймәлім.
Токиода шығатын «Нихонтоюрашя» газетінің №1508 санында тілші Шарафат Жылқыбаеваның «Қызыл жолбарыстың құпиясы» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада қазақ ауыз әдебиетіндегі аң-құс символдарының тотемдік бейнесі ақын-жыраулардың киесі саналғаны туралы жазылыпты. Жапон тілді журналист қазақ аңыздары мен ақын-жыраулар поэзиясынан үлкен орын алатын образдың бірі Тұран жолбарысы екенін айта келе ежелгі заманда қазақ халқының қызыл жолбарысты кие тұтқанын жеткізеді. Бұны білген жапондар қазақ халқына, Жамбыл Жабайұлына айрықша қатты таңғалған.
Ұлыларға пір болып, желеп-жебеп жүретін жолбарыс секілді киелі аң-құс біздің халықта көп. Мысалы, Бекет атаның иесі - арқар болған деседі. Білетіндердің айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлының жебеушісі - қар барысы екен.
Нұрғиса күй тартқанда ғана көлдегі аққулар билеген