Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемендегі сауда дүкендерінде "Қайырым- дылық сөресі" ашылды

Өскемендегі сауда дүкендерінде "Қайырымдылық сөресі" ашылды. Кез келген қайырымды жандардың осы жерге келіп, жағдайы төмен немесе үйсіз-күйсіз жүрген жандарға азық-түлік қалдыруына болады

- Бүгін азық-түлік сатып алып, "қайырымдылық сөресіне" қалдырдық. Ондағы мақсатымыз - қоғамның назарын айналамыздағы мейірімге, жәрдемге мұқтаж адамдарға аудару, қиындық көріп жүрген жандарға қол ұшын созу, - деген волонтерлер мен қалалық мәслихат депутаттары жомарт жандарды жобаға қатысуға шақырды.
Олардың айтуынша, бұл акция көпбалалы отбасыларға біршама жәрдем. Күнбағыс майы немесе қарақұмық секілді әртүрлі азықты тегін ала алады. Сондықтан осындай сөрелерді қаланың әр жерінде ашып қойса да артық болмайды. Жүректерге жылу сыйлау үшін көп нәрсенің керегі жоқ. 
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында "Қайырымды істер марафоны" жалпыұлттық жобасы бастау алған болатын. Жоба аясында қала бойынша 20-дан астам дүкенде арнайы сөрелер қойылды. Іс-шараның "Колос" пен "Вкус Маркет" дүкеніндегі ашылу рәсіміне қаланың еріктілері мен депутаттары келіп атсалысты. Олар сөрелерге азық-түлік қойып кетті, - дейді акция ұйымдастырушысы, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.
Следующая →