Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Д. Қалдыбаев: "Өнерден алыс кеткен жоқпын"

Әзілкеш Дастан Қалдыбаев Аягөз ауданының тумасы

Бүгінде продюсер, шоу-мен, өнерпаз КВН-ші Дастан Қалдыбаевтың есімі жастар арасында жақсы танымал. Аягөз ауданында дүниеге келген Дастан Дүйсенғалиұлы бастауыш сыныптарды да Қарақол, Шолпан ауылдарындағы мектептерден тәмамдаған. 

Оның "Дастан" медиа продакшн" деген жеке компаниясы бар.

Дастан, көзіқарақты азаматтар сенің шығармашылығыңнан ептеп хабардар. Өзіңді бір кездері республикалық телеарналардың әр түрлі комедиялық жобаларынан көріп тұрушы едік. Қазір қайдасың?

- Иә, бір кездері республикалық телеарналардың "Шатақхана", "Қызық радиосы", "Әзіл-студио", "Қызықстан", "Қазақша концерт", "Ризамын", "Түнгі студио" секілді тележобаларының шығарылымына атсалысып, қатысқаным рас. Кейін ол жобалармен келісімшарттардың мерзімі аяқталған соң, өзімді басқа салада байқап көруге бел буғанмын. Басқа сала дегенде, өнерден мүлде өзге жаққа кеткен жоқпын. Қазір көркемфильмдер түсіріп жатырмыз. "Дастан" медиа продакшн" деген жеке компаниямды ашқанмын. Осыған дейін "Жаңа қоныс" атты фильмнің сценариін жаздым, продюсері болдым...

Сұхбат - фотоны автор ұсынды (4).jpg

"Жаңа қоныс" сериалы жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген бір ерекше жоба болды ғой. Кейінгі кездері тоқтаңқырап қалды ма, эфирден көрінбейді...

- Иә, шынында "Жаңа қоныс" сериалы жұртшылыққа ұнаған, өте бір сәтті шыққан сериал болғаны рас. "Қазақстан" ұлттық арнасымен "Жаңа қоныстың" 20 сериясын түсіруге келісімшартқа отырған едік. Өкінішке орай, қазір тоқтады. Себебі есіңізде болса, жыл басында Нұр-Сұлтан қаласында көпбалалы аналар үйге байланысты әлденеше рет алаңға шығып, наразылықтарын білдіріп жатты ғой. Біздің фильмнің де баспанаға тікелей қатысы бар екенін білесіз. Жоғарыдағы кейбір ағаларымыз сериалдан астар іздегендей болғасын, тоқтатуға мәжбүр болдық. Әйтпесе бұл сериал 52 фильм-нен тұратын. Бірінші маусымда 12, екінші маусымда 20, үшінші мауымда 20 фильмге жоспарланған еді. Ал жалпы, бұл өзі көптеген жас отбасылардың басында бар пәтер мәселесін Мырзахановтар әулеті арқылы көрсетуге талпынған жоба болатын. Бұған Қуандық Шәкіржанов, Бақыт Әліпбаева, Жұлдыз Маханова, Нұрсұлтан Жақсыгенов, Саягүл Оразғалиева секілді актерлер шоғырының қосар үлесі аз болмады.

Сұхбат - фотоны автор ұсынды (3).jpg

Қазір немен айналысып жүрсің?

- Әлгінде айттым, 2015 жылы "Дас-тан" медиа продакшн" компания-сын ашқанмын. Әр түрлі жобалармен жұмыс жасаймыз. Таяуда "Күшік құда. Квартиранты" атты көркемфильм түсіріп болдық. Оның сценариінің авторы, продюсері мен - Дастан Қалдыбаев. Режиссері Дархан Сәкенов деген жас жігіт. Мына коронавирус індетіне байланысты болған карантин мен пандемияның кесірінен жұртқа көрсете алмай жатырмыз. Бәрі орнына келіп, заман қалпына келсе, премьерасы болатын күн де алыс болмас. Өздеріңізге мәлім, қазақта "күшік күйеу" деп қайын жұртының ауылында (үйінде) тұрып жатқан жігітті айтады. Ал бабаларымыз еш уақытта "күшік құда" деген сөз тіркесін қолданбаған ғой. Бұлай болуы мүмкін емес, бұл енді абсурд! Мұндай жағдай қазақ қоғамында мүлде болмаған. Комедиялық фильміміздің де ұтатын жері осы болса керек... 

Сұхбат - фотоны автор ұсынды (7).jpg

Дастан, енді қысқаша өзіңнің өмірбаяныңды айтып берсең... Қай жердің тумасысың, қайда білім алдың дегендей...

- Мен осы Аягөз ауданы, Шыңғожа ауылында дүниеге келгенмін. Бірақ 8 айлығымда әкем жұмыс барысымен ол жақтан қоныс аударыпты. Бірінші сыныпты Қарақолда, 2-3-сыныптарды Шолпан ауылындағы мектептерде оқыдым. Кейін әкемнің жұмыс жағдайына байланысты Алматы облысына қарасты Алакөл ауданы, Жанама ауылындағы орта мектепке ауыстым. Сол жерден оқуымды тәмамдадым. Алайда бір жыл жоғары оқу орнына түсе алмай жүріп қалдым. Келесі жылы Шымкенттегі педагогикалық өнер институтының ұлт аспаптары факультетіне түстім. "Мәдени тынығу және ұйымдастырушы" деп аталатын мамандық алып шықтым. Сол жерде көңілді тапқырлар клубына (КВН) қатысып, атағымыз шығып кетті. Респуликаға танылып қалдым. Содан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов деген ағамыз өзі басқарып отырған оқу орнына шақырды. Мұнда да КВН-ге қатысып, 2003 жылы Сочиде 1-ші лигаға, сосын жоғарғы лигаға өттік. Нұрлан Қоянбаев досымыздың "Казахи" командасында өнер көрсетіп, Мәскеу шаһарында әлденеше рет болдық. Бір сөзбен айтқанда, атағымыз біршама шарықтады. Сөйтіп, мен Қазақ ұлттық аграрлық университетінен екінші жоғары білім - заңгер мамандығын алып шықтым.

Әлгінде балалық шағыңның Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының түйіліскен шекарасында орналасқан ауылдарда өткенін айтып қалдың. Жалпы, балалық шағыңнан бірер естелік айтып берші. 

- Иә, әкем дәл сол жердегі Қарақол ауылдық округіне қарасты Сағат көлінің мойнағында (перешеек) қамыс байлады. Жұмысынан қолы қалт еткенде жора-жолдастарымен отыратын көңілді басқосуларда "Менің балам әнші! Кәне, ұлым, мына ағаларыңа өнеріңді көрсетші!" деп мені көтермелеп ән салғызып қоятын. Ондайда биік орындыққа шығып алып, "шырқап" қоя берем. Сондай көңілді отырыс бірде көл жағасында болды. Әкем қонақтарымен жағада дуылдап отырғанда мен таяз-дау жерінде суға шомылып жүргенмін. Жағадан алыс-тап кеткенмін бе, бір кезде жер басайын десем, аяғым жетпейді. Өзім тағы жүзе білмеймін ғой. Небары 5 жас-тамын. Содан жанұшырып, төмен батып аяғыммен жерге тиген сәтте, жоғары қарай серпілемін. Екі-үш секунд ауада қалықтаған кезімде айғайды салам. Көлге арқасын беріп теріс қарап отырған әкем сонда: "Әне! Қараңдаршы, менің балам әнші! Суда жүріп ән салады!", деп қояды екен. Сол кезде қонақтардың бірі (ұмытпасам дәрігер ғой деймін) киімімен суға қойып кетіп, мені алып шыққан ғой. Әйтеуір, массаж жасап, аман алып қалды... Қызықтар көп болды ғой. Әкем үйдегі итімізге "Қайырбай"  деп құрдасының атын қойып қоятын. Құрдасы Қайырбай аға да әкеммен бірге жұмыс істеп жүрді. Итті бәріміз күшік кезінен "Қайырбай! Қайырбай!"деп шақырамыз. Есейе келе әлгі "Қайырбай" атты итімді жүк көлігі қағып кетіп өліп қалды. Әкем иттің өлексесін трактордың артына сым темірмен байлап алып, далаға сүйретіп апарып тастаған. Бірде үйге Аягөз жақтан нағашы атам келетін болды. Көл жағасындағы жалғыз үй болғасын, ішің пысады, қонақ келсе, мәз боламыз. Ағам Руслан екеуміз кешкі сағат 4-те келетін автобусты асыға күтіп жүрміз. Әйтеуір, бір кезде ыңыранып "Икарус" автобусы да келіп тоқтады ғой. Нағашы атам артынып-тартынып түсіп жатса, мен өзімізде болып жатқан жаңалықтарды айтып жүрмін. "Ата, ата, Қайырбай өліп қалды ғой!" деймін (Ол кісі біздің үйде тұратын Қайырбай ағаны жақсы таниды ғой). Атам: "Астапыралла! Не дейді? Неғып? Қашан?" десе, "Өлігін папам трактордың артына байлап, сүйретіп анау жаққа апарып тастады!" деймін. Атамның көзі атыздай болды: "Не дейді-ей мынау?! Жүрші тез!" деп мені жетектеп жылдам басып үйге кірсе, тура сол кезде полиция қызметкері әкеммен әңгімелесіп отырған ғой. Әлгіні көрген нағашы атам есіктен кіріп, одан сайын есі шығып, сілейіп тұрып қалыпты... Кейін мән-жайды ұғысқаннан соң үйдегілердің жатып күлкіге қарық болғаны бар.

Отбасың жайлы айта кетсең... 

- Әкемнің аты - Дүйсенғали, анам - Күләш. Отбасында бес баламыз: бір қыз, төрт ұл. Өзім үйленіп, ажырасқанмын. Бір ұл, бір қызым бар. Ұлым 16-да, қызым 14-те. Балаларыммен араласып-құраласып тұрамын.

Әңгімеңізге рақмет! Шығармашылығыңа табыс, өзіңе денсаулық тілейміз! 
Следующая →