Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зайсан ауданындағы 9 ауыл бір түнге жылусыз қалған

Өткен аптаның ортасында Зайсан ауданындағы газ құбыры зақымданып, 9 елді мекеннің тұрғындары бір түн бойы газсыз қалған болатын

Зайсан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, көпір құрылысын жүргізіп жатқан "Барыс көл" ЖШС экскаваторшысы жоғары қысымды магистральдық газ құбырын абайсызда зақымдап алған. Құбырға зақым келгендіктен газ беру тоқтатылған.

Нәтижесінде Айнабұлақ, Қаратал, Үлкен-Қаратал, Шалқар, Көгедай, Қайнар, Кеңсай, Жамбыл, Қарабұлақ елді мекендеріндегі 2105 абонентке газ беру шұғыл тоқтатылды.

- Аталған 9 елді мекендегі 2105 үйдегі 10505 тұрғын, 4 мектеп, 4 балабақша және 1 әкімшілік ғимарат газбен жылытусыз қалды, - деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. - Қалпына келтіру жұмыстары қиын жағдайларда жүзеге асырылды. Өйткені зақымдалған газ құбыры шағын өзеннің арнасы арқылы өтеді. Қалпына келтіру жұмыстарына 6 мотопомпа, АЦ-40, 1 КУНГ, басқа да оннан астам техникалар, 50 адам жұмылдырылды. "Барыс көл" ЖШС компаниясы тарапынан барлық қажетті техника жұмылдырылды.
Зайсан ауданы әкімінің тапсырмасымен аталған авариялық жағдайды тездетіп қалпына келтіру үшін жедел түрде штаб құрылған болатын.
- Авариялық жағдайды қалпына келтіру үшін аудан-дағы "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Зайсан өндіріс филиалының басшысы С. Оразбеков, "Интергаз Орталық Азия" АҚ Зайсан газ шаруашылығы филиалының басшысы Қ. Мұратбеков, "Зайсан" көпсалалы КММ директоры Е. Айнабековтің басқаруымен 1 үлкен кран, 2 үлкен эксковатор, 4 хоба көлігі, 2 "ГАЗ-66" автокөлігі, 2 погрузчик іске қосылып, 32 адамның жатпай-тұрмай, түнімен тынымсыз жұмыс атқаруының нәтижесінде авариялық жағдай толықтай қалпына келтірілді. Нәтижесінде 28 қаңтар күні сағат 8.00-де авариялық жағдай толық қалпына келтіріліп, 9 елді мекен тұрғындарына қайтадан газ беріле бастады. Бүгінгі таңда алаңдауға ешқандай себеп жоқ, - деп атап өтті аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кеткен жөн, таңға дейін халық үйге пеш жағып немесе электр қуатымен жылытуға тура келді. Газ беру тоқтатылған ауылдардағы көмірі жоқ үйлерге әкімдік көмір жеткізіп берген. Жалпы бұл 9 ауылда 157 көпбалалы отбасылар, 1054 зейнеткерлер, 82 аз қамтылған отбасылар, 18 жалғызілікті адамдар, 128 мүгедектер, 2402 балалар, оның ішінде 1808 оқушы балалар тұрады екен.

Бұндай төтенше жағдайда тосылмай, бір кісідей атсалысып, апатты жою жұмыстарына жұмыла кіріскен азаматтардың еңбегі де елеусіз қалмады.
- Зайсан ауданының елді  мекендерін газбен қамтамасыз ететін жоғары қысымды магистральдық газ құбырының жарылуына байланысты авариялық жағдайды түн ішінде дереу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды көгілдір отынмен қайта қамтамасыз етуге атсалысып, өздерін бейбіт күннің батыры ретінде көрсеткен "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Шығыс Қазақстан өндірістік филиалының мамандарына аудан әкімі Серік Зайнулдиннің атынан алғыс хаттар тапсырылды, - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.

Следующая →