Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тарбағатай ауданындағы Ақмектеп ауылына ауыз су берілді

Тарбағатай ауданындағы Ақмектеп ауылының тұрғындарына мемлекеттік "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында ауыз су берілді. Су скважинасының 2019 жылы тамыз айында басталған құрылысы биыл аяқталып, іске қосылды

- Бұл бізге тамаша тарту болды. Жалпы, "Ақ бұлақ" бағдарламасының елге берері мол. Біз секілді зейнеткерлерге көп жеңілдік. Енді суды даладан тасымайтын болдық. Алғысымыз шексіз, - деді ауыл тұрғыны Алтын Мәкенова.
60 метрлік тереңдіктен шығатын таза су ауылдағы үйді-үйге толықтай кіргізілген. Қыстың қарлы, аязды күндері су тасу машақат екенін ауыл тұрғындары жақсы біледі. Енді ақмектептіктер қаладағыдай өркениетті тұрмысқа жетті. 
Тарбағатай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің ұсынған дерегіне сүйенсек, жыл басында аудандағы 45 елді мекен таза ауыз сумен қаматамасыз етілді. Ол барлық елді мекеннің 75 пайызын құрайды. Сонымен қатар, Ақмектеп, Екпін ауылдарына жаңадан су құбыры салынса, Маңырақ ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Одан өзге, Айнабастау, Алғабас, Ақжал, Жолқұрылыс елді мекендеріне блок модульді станциялар орнатылды. Осы жобаларға бөлінген қаражат көлемі 812,2 млн теңгені құрады. Нәтижесінде аудандағы 51 елді мекен таза сумен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл дегеніміз барлық ауылдардың 85 пайызын құрады. Кешенді дамыту жоспары бойынша 2022 жылға қарай аудандағы барлық елді мекендер 100 пайыз сумен қамтамасыз етілетін 
болады.
Следующая →