Катонқарағай ауданында жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде?
Катонқарағай ауданында өткен жылы жұмыс сұрап келген 1299 адамның, 877-сі жұмыспен қамтылған
Аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыс сұрап келгендердің қатарына жастар іс-тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары, ақылы қоғамдық жұмыс, қайтарымсыз грант алушылар санатындағы адамдар кіреді және ол азаматардың барлығы "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек"" бағдарламасы аясында жұмыспен қамтамасыз етілді.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы да ауданда жаңадан жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздар санының қысқаруына себепші болуда.
Следующая →
- Әлеуметтік жұмыс орындары меншіктің барлық формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, - дейді Катонқарағай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Сәуле Елубаева. - Яғни, жұмыс берушілер субсидияланған жалақымен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту орталығымен келісімшарт жасасады. Ондағы белгіленген жалақы 60 мың теңге болса, оның 35 пайызын (21 мың теңге) жұмыспен қамту орталығы, ал қалған 65 пайызын жұмыс беруші төлейді. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандардың жұмыс мерзімі 12 айдан аспайды.Аудандық орталық өткен жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 21 адамды жіберсе, биыл 25 адамды жіберуді жоспарлап отыр.
- Жастар іс-тәжірибесіне арнаулы орта және жоғары білімі бар, 3 жыл көлемінде жұмыс жасамаған 29 жастан аспаған жастар қатыса алады. Жастар 6 ай бойында іс-тәжірибеден өткен соң, тұрақты жұмысқа орналастырылады. Өткен жылы аудан бойынша 35 адам жастар іс-тәжірибесіне қатысты. Бұл жастардың еңбектегі алғашы тәжірибелерін алуға көп септігін тигізеді.Орталық әр жыл сайын ауылдық округ әкімдерімен, мекеме басшыларымен жмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдау үшін келісімшарт жасайды екен. Ақылы қоғамдық жұмыстар адамдарды уақытша жұмыспен қамтуға арналған. Ұзақтығы - 12 ай. Жалақылары - 42500 теңгені құрайды (ҚҚС-ын бірге есептегенде).
- Бұндай жұмыстарға мұрағат жұмысына көмекші болу, ауылдық округтердегі санақ жүргізуші, салық жинаушы және т.б. жатады. Қоғамдық жұмыстарға жолдану үшін жұмыссыздардан алдын ала кәсіби дайындықты қажет етпейді. 2020 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 297 адам жолданды. Биыл бұл жұмысқа 301 адам жос-парлануда. Бүгінде тиісті келісімшарттар жасалуда, - дейді жұмыспен қамту орталығының басшысы.Одан өзге, қайтарымсыз грант беру арқылы аудандағы жұмыссыздық мәселесі де өз шешімін тауып келеді. Екі жыл бойында "Еңбек" бағдарламасы аясында қайтарымсыз гранттар берілуде. Оның мақсаты - халықтың жаңа бизнес-идеяларды іске асыруына мүмкіндік туғызу. Өткен жылы ауданда жалпы сомасы 54 млн 448 мың теңгеге 98 мемлекеттік грант берілді. Өткен жылы гранттың көлемі 555 мың теңгені құрады. Биыл оның көлемі АЕК-ның өсуіне байланысты 583 мың теңгені құрайды және 60 грант беру жоспарланып отыр.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы да ауданда жаңадан жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздар санының қысқаруына себепші болуда.
- Өткен жылы ауданымызға осы бағдарлама аясында 27 жобаға 921 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл қыруар қаржы ауданымыздағы білім беру, денсаулық сақтау нысандарының, мәдениет ошақтары мен жолдардың жөнделуіне, елді мекендердің абаттандырылуына жұмсалды. Осы орайда, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы өткен жылы 221 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Олар көбіне уақытша жұмыстарға орналастырылды. Қолдарына 85 мың теңгеден айлық жалақы алып отырды. Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында келісімшарттар жасалды. Соның арқасында жұмысшылар жалақыларын уақтылы ала алды. Нәтижесінде ауданда 33 тұрақты жұмыс орыны ашылды. Мәселен, мектептер өздеріне вахтер, кейбір мектептер сантехник мамандарды алса, Үлкен Нарындағы "Бәйтерек" саябағына күзетші тұрақты жұмысқа қабылданды, - деп атап өтті Сәуле Зарлыққызы.