Зайсан ауданында қызыл су қауіп төндірді
Зайсан аудандағы Сартұмсық елді мекеніндегі үйлерге қызыл су қауіп төндірді
Зайсан аудандық әкімдігі мәлімдегендей, 1 қаңтар күні сағат 20.55-те ауыл тұрғындарының бірі хабарласып, күн аяз болғандықтан су тұмасы қатып, қызыл су Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Сартұмсық елді мекеніндегі төрт үйге қауіп төндіріп тұрғаны туралы айтқан.
Айта кетейік, Сартұмсық елді мекені Зайсан қаласынан 70 шақырым қашықтықта екі таудың ортасында орналасқан. Бұнда барлығы 6 үй бар, тұратын халық саны - 15. Бұл ауылда ұялы байланыс жоқ.
Следующая →
Айта кетейік, Сартұмсық елді мекені Зайсан қаласынан 70 шақырым қашықтықта екі таудың ортасында орналасқан. Бұнда барлығы 6 үй бар, тұратын халық саны - 15. Бұл ауылда ұялы байланыс жоқ.
- 2021 жылғы 1 ақпан күні сағат 07.00-де Сартұмсық елді мекеніндегі қызыл су мұзын қолмен қазып, арық шығаруға жергілікті атқарушы органнан 59 адам, 10 техника (Шілікті а/о - 10 адам, 2 техника; Айнабұлақ а/о - 10 адам, 2 техника; Біржан а/о - 5 адам, 1 техника; Дайыр а/о - 5 адам, 1 техника; Қаратал а/о - 5 адам, 1 техника; Сартерек а/о - 5 адам, 1 техника; Кеңсай а/о - 5 адам, 1 техника; Қарабұлақ а/о - 5 адам, 1 техника, Зай-сан қаласынан - 9 адам, 2 техника) және аудандық төтенше жағдайлар бойынша бөлімінен 12 адам, 1 нива көлігі, 1 КУНГ техникасы шығарылды, - деп мәлімдеді аудандық әкімдік. - Қазіргі уақытта тереңдігі 70 см, ені 80 см, ұзындығы 350 метр арық қазылып, судан болған қауіп толығымен жойылды.