Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да 350-ден астам медицина қызметкері COVID-қа қарсы вакцинация жүргізу бойынша оқытудан өтті

Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли айтты

Оның айтуынша, елімізде соңғы екі айда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Қазақстан коронавируспен сырқаттану көрсеткіші бойынша қызыл аймаққа ауысты, бірақ Шығыс өңірі әзірше жасыл аймақта орналасқан.

Эпидемияның таралуын болдырмау үшін көптеген шаралар қабылдануда. Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 ақпанынан басталатын вакцинация коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықты төмендетуге және шектеу шараларын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

- ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 77 бабына сәйкес кез келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация егілушінің келісімімен ғана жүргізіледі. Қазіргі уақытта дайындық жүріп жатыр, - деп атап өтті Владимир Ли.

Мәселен, ақпан айының басында вакциналарды тасымалдау және сақтау үшін облыстың барлық медициналық ұйымдарына 16 биомедициналық мұздатқыш пен көп рет қолданылатын термотіркегіші бар 60 термоконтейнер сатып алынады. COVID-19-ға қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу бойынша 358 медицина қызметкері оқудан өтті.

Сонымен қатар, вакцинация кезеңінде мониторинг пен әдіснамалық көмекті ұйымдастыру үшін жұмыс комиссиясы құрылып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының басшылары қатарынан жауапты тұлғалар анықталды.
Следующая →