Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да ХҚКО брон арқылы ғана қабылдайды

Өскемен және Семей қалалаларында Коронавирустық инфекциясын жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында ХҚКО-лар тұрғындарды тек алдын ала брон арқылы ғана қабылдайды

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен және Семей қалаларының ХҚКО-ларының жұмысы бойынша арнайы шешім шығарды. 
- Енді келушілерді қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады, - деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл өзгерістер ауылды жерлер мен аудан орталықтарының ХҚКО-ларының жұмысына еш әсер етпейді.
ХҚКО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар.
Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электрондық үкімет порталын, eGovKzBot2.0. телеграм-ботын пайдалана алады немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады. Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚКО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады. 
- Біздің әріптестеріміз фронт-офистерде қызмет алушылармен тікелей байланыста. Біз келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондықтан қызмет алушыларға қандайда ауру белгілері байқалса, ХҚКО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиал директоры Азамат Есембулов. 

Следующая →