Глубокое ауданына жаңа жедел жәрдем көліктері келді
Күні кеше ғана Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы Глубокое ауданының орталық ауруханасына әлеуметтік көмек ретінде екі жаңа жедел жәрдем көлігін және алты компьютерлік монитор сыйлады
Бұл туралы аудан әкімі Тамара Рахимжанова өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жазды.
Следующая →
- Медициналық автокөліктер шұғыл жағдайда диагностикалау үшін барлық қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталған. Компьютерлік мониторға келетін болсақ, бұл технология дәрігерлердің жұмысы үшін аса қажет. Қазіргі қағазбастылық кезінде жұмысты әлдеқайда жеңілдетуге әрі науқастар туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді, - дейді Тамара Анатольевна.Сыйға берліген осындай бір көлік шамамен 22 миллион теңге тұрады. Қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметінде барлығы 22 санитарлық автомобиль бар. Пандемия кезінде шұғыл медициналық көмекке және көлікке деген сұраныс күрт өсті. Өткен жылдың күзінде облысқа жедел жәрдем көліктері келгенін еске сала кетейік. Аймақ басшысы медициналық транспорт жеткіліксіз аудандарға заманауи жабдығы бар жаңа көліктерді жөнелтіп жатыр.