Усть-Каменогорск
пасмурно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +22°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жарма ауданында үш ішекті домбыра үйірмесі ашылды

Жарма ауданындағы өнер мектебінде үш ішекті домбыра үйірмесі ашылды

Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін және жеке қабілеттілігін дамыту, ішкі рухани дүниесі бай жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің алатын орны ерекше. 
Домбыраны қазақтың символы деп білетін халқымыз үшін үш ішекті домбырада ойнауды жандандыру мәдениет пен тарихи үндестікті сипаттайды. Домбыра сыныбының жетекшісі Мергүл Секенқызы қазіргі уақытта шәкірттері онлайн форматта белгілі оқытушылардан дәріс алып жүргендерін айтады. 
- Үш ішекті домбырада ойнаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Яғни, бұл аспаптың екі ішекті домбырадан айырмашылықтары көп. Қазіргі таңда арнайы күйшілерден онлайн жүйеде сабақ алып жатырмыз. Үш ішекті домбыраны үйренуге ниет білдірген жастар да аз емес. Мақсатымыз - жастарды ұлттық өнерге баулу. Осы орайда бастамамызға қолдау көрсеткен аудандық өнер мектебінің басшылығына алғысымыз шексіз, - дейді домбыра сыныбының жетекшісі Мергүл Секенқызы.
Мұғалімдер мен шәкірттерінің құрамы жасақталған. Алдағы уақытта жаңадан ашылған үйірмені толықтырып, ондағы оқушылар санын арттыру жоспарда бар екен.
Следующая →