Австриядағы жерлесіміз: "Әкем жазықсыз сотталып барады"
"Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры" демекші, Ұлан ауданы тағы нысанада
Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың қара күзінде қаскөйлер Ұлан ауданы Бозанбай ауылының тұрғыны Ержан Сәбитовтің 148 бас қойын, 11 бас ірі қарасын, 26 бас жылқысын 1 жылда ұрлап әкеткен. Онымен шектеліп қалмай, қараша айының 1-і күні, сағат түнгі 3-тер шамасында малдың қысқы азығына деп жинаған 400 рулон шөбін өртеп жіберген.
Бұл жолғы мәселенің ауаны бөлек, күрмеуі қиын, сыры жұмбақ. Біз оны Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны, қазір Австрияда білім алып, сонда тұрып жатқан Еркежан Бухарбаева есімді жерлесіміздің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасынан оқып білдік. Осыдан 3 күн бұрын бойжеткен өзінің жеке парақшасына халықтан, тиісті органдардан көмек сұрап, соттың әділ өтуін талап етіп жазба жариялады.
"Сәлеметсіздер ме, құрметті отандастар! Менің әкем Бухарбаев Қайрат жасамаған қылмысы үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылып отыр. Ол 20 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында "Бүркіт" шаруа қожалығын құрды. Өзі ақкөңіл, мейірімді, көмек сұраған адамға әрқашан қол ұшын беруге дайын, өте еңбекқор, жүрегінде иманы бар адам. Өкінішке орай, әкем қараша айында жасамаған қылмысы үшін 6 жылға заңсыз түрде сотталып кетті. 2018 жылдың күзінде жергілікті учаскелік полиция қызметкері Дамир Елеусізов даладан тауып алған 3 жылқыны иелері келгенше сақтай тұруға өтініш жасап, біздің шаруа қожалығына алып келеді. Менің әкем сол жылқыларды қожайыны табылғанша өзінің шаруа қожалығында уақытша сақтауға келісіп, Дамир Елеусізовке қолхат жазып берген. Өкінішке орай, полиция қызметкері жылқылардың қожайындарын көршілес шаруа қожалықтарынан іздеп таба алмады. Өйткені малын жоғалтқандар бізден 200 шақырым қашықтықта, басқа ауданда тұрады екен (біз мұны кейін білдік). Иелері табылған кезде әкем мен тәртіп сақшысы Елеусізовтің ақ, адал ниеті өздеріне қарсы бағытталды. Шығыс Қазақстан облысында болған көптеген мал ұрлығы әкеме, учаскелік полиция қызметкеріне және біздің жұмысшыларымыздың бірі - Мирас Түсіпжановқа артылды. Ең сорақысы - шаруа қожалығының жұмысшысы Түсіпжанов тергеу жүргізген полиция қызметкерлерінің қысымына төзе алмай, өз-өзіне қол жұмсады. Қысқаша түсіндірсем: бір топ полиция қызметкері менің әкемді бөлімшеге жауап алу үшін алып кеткенде, екінші топ жұмысшымыздан жауап алуды бастаған. Сол түні шаруашылық қожалығында жұмыс істейтін аспаз Мирасты машинада әлдекімдердің ұрып жатқанын көрген. Келесі күні полиция Мирасты ертіп тауға шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Бірнеше күннен кейін кездейсоқ біреу оның денесін иен қалған қорада дарға асылған күйінде тауып алды, ал мініп кеткен жылқысы аштықтан әлсіреп, байланып тұрған ағаш бөренесін кеміріп тұрған. Әкем "суицидке итермелеу" бабы бойынша шағым жазған, бірақ ол марқұмның туысы болмағандықтан арызы қабылданбады. Марқұмның жалғыз әкесі ғана бар. Жүрегі қайғыны көтере алмағандықтан, жүйеге қарсы күресе алмай қалды. Сотқа дейінгі тексеруде күдіктінің құқықтары мен заңды мүдделері қамтамасыз етілмесе, сараптама жүргізілмесе, жылқылардың қауіпсіздігі үшін жазылған қолхатты ешкім есепке алмаса - біз қандай қоғамда өмір сүріп отырмыз сонда? Тіпті, әкемнің және Елеусізовтің алибиі және мал жоғалған күні олардың мүлдем басқа жерде болғанын анық көрсететін дәлелдері бар. 2020 жылдың қаңтарына дейін әкем осы іс бойынша тек куәгер болатын. Кенет, еш себепсіз күдікті деп тергеуге алынды. Бұл қалай?! Малын жоғалтқан кісілер барлық органдарға "тергеу ісі алға жылжып жатқан жоқ, қылмыскерлер табылмады" деп шағымдана бастағандықтан, ҚР Ішкі істер министрлігі жергілікті органдарға қысым жасаған. Олар болса, менің әкем мен оған жылқы айдап әкелген қылмыскерлердің кездескенін таңғы 4.30-да қара түнекте, 1,5 шақырым жерден дүрбімен көрді деген "құпия куәгерді" таба қойды. Біз әр түрлі бинокльдерді қолданып тәжірибе жүргіздік. Қара түнде біреуді байқау мүмкін емес болып шықты. Ал күндіз адамның бетін емес, тек сұлбасын ғана ғана көре алдық. Бұл "құпия куәгердің" өзі таңғы сағат 4.30-да айдалада не істеп жүр екен? "Құпия куәгердің" бар-жоғының өзі үлкен сұрақ. Сот барысында жәбірленуші тарапындағы адвокат пен судья үнемі бір-біріне жымиып қарап отырды деп естідік. Біз әділеттілікті талап етеміз!" - деп жазды Еркежан Бухарбаева.
Аз-кем ақпараттың шетін шалған соң Қайрат ағаның жұбайы Гүлнар Сайбековаға хабарласып, мән-жайды нақтыладық. Қызының жазғанынан асырып қосып басқа ештеңе айта алмайтынын мәлімдеді. Ал Мирас Түсіпжановтың өлімі жөнінде Жанна есімді куәгер көбірек білетінін айтып, оның телефон нөмірін берді.
Көкпекті ауданының №2 сотының төрағасы шешім шығарса да, заң күшіне әлі енген жоқ. Қорғаушылардың сөзінше, келер жылдың 6 қаңтарында апелляциялық сот отырысы өтеді. Бұған дейін өткен сот шешімі мынадай болды: "Бухарбаев Қ.К. және Түсіпжанов М.Т. 2018 жылы қыркүйектің 27-сінен 28-іне қараған түні Жарма ауданы, Әди ауылынан 13 шақырым жердегі Байбазар аймағынан еркін жайылып жүрген 21 бас жылқыны, қазанның 22-сінен 23-іне араған түні Көкпекті ауданы Кіші Бөкен ауылынан 1 шақырымдағы Қызыл-Қайың деген жерден 19 бас жылқыны айдап әкеткен. Жергілікті учаскелік тәртіп сақшысының көмегімен ұрланған малды "Бүркіт" шаруа қожалығына әкеліп қамап, оларға "Б", "Қ" деген таңба басқан.
Д.Қ. Елеусізов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-бөлімі, 3-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қ.Қ. Бухарбаев Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 4-бөлімі, 3-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылсын".
Алайда айыпталушылардың ақтаушылары сот кесіміне келіспейді.
Следующая →

"Жамандық - жақын, жақсылық - алыс"

Жабулы қазан жабулы күйінде қалды
Аз-кем ақпараттың шетін шалған соң Қайрат ағаның жұбайы Гүлнар Сайбековаға хабарласып, мән-жайды нақтыладық. Қызының жазғанынан асырып қосып басқа ештеңе айта алмайтынын мәлімдеді. Ал Мирас Түсіпжановтың өлімі жөнінде Жанна есімді куәгер көбірек білетінін айтып, оның телефон нөмірін берді.
- Бұл оқиға 2018 жылдың қазан айында орын алды. Шынымды айтсам, Мирастың жағдайына куә болған мен жалғыз адаммын. Қас қарайған соң, үйге бандиттер секілді дөңкиген, қап-қара үлкен көлікпен опер ма, полиция ма, әйтеуір форма киген екі қызметкер және бейтаныс екі ер адам келді. Мирасты көліктің артына отырғызып, орталарына алып өзара сөйлесті. Қасындағыларының біреуі ішінен ұрып жіберген болуы керек, бір кезде Мирас еңкейіп қалды. Мәшиненің іші жарық болатын: менің терезеден қарап тұрғанымды көрді де, жарықты өшіре қойды. Мен сыртқа шыққанымда Мирасты көліктен түсіріп, олар да қайтып кетті. Жатар уақыт болғанда бұрын ішімдік ішпейтін Мирас менен арақ сұрады. Жұмысшыларға сақтап жүретін спиртті құйып беріп едім, ішіп отырып жылады. "Олар маған жылқылардың қайдан келгенін, кім ұрлап әкелгенін айт, сонда саған "крышовать" етеміз. Айтпасаң, өзіңді жоқ қыламыз деп айтты" деді. Қатты уайымдағаннан түні бойы ұйықтаған жоқ. Түнгі 3-те далаға шықсам, қорада ананы-мынаны түртпектеп жүр екен. Ертесінде таңертең сағат 7-лерде оны тауға барамыз деп алып кетті. Арада біраз күн өткенде бір кісі келіп "сендердің жылқышы балаларың ана жақтағы қорада асылып өліп қалыпты" деп хабарлап кетті. Оны тауып, арқаннан босатып алғанда жанында жоқ болатынбыз. Кейін түсірілген суреттерден көрдік: түрінің сау-тамтығы жоқ. Көзі көгерген, беті іскен. Бірден "әлгілер оны әбден ұрып-соғып қинап, артынша асып кеткен болу керек" деген ой келе қалды. Әйтпесе, адам қалай өзін-өзі аямай ұрып, асылып қалуы мүмкін?! Ақылға қонымсыз. Өйткені оны алып кеткен күні таңертең полиция қызметкерлерінің қасында түрі суық, көзқарасы қорқынышты, еңгезердей бір кісі үндемей еріп жүрді. Егер сол кісіні өмірде немесе суретте қазір көретін болсам, жазбай танимын. Қожалықтан үш шақырым жерде қараусыз қалған тағы бір қора бар. Мирастың мәйіті сол жерден табылды. Қанша сұрасақ та, сараптама жұмыстары жүргізілген жоқ. Тақырыпты жылы жауып қоя салды, - дейді сол кезде "Бүркіт" шаруа қожалығында аспаз болып жұмыс істеп жүрген Жанна Танабаева.Осы мәселенің соңына шам алып түскен тілші - әзірге Сергей Васильев қана. Бірінші болып журналистік репортаж жасаған да сол.
- Шаруа қожалығының басшысымен сыбайласқан түрде мал ұрлады деп айыпталған полиция инспекторы Дамир Елеусізовті ауданда бәрі танитынын айта кету керек. Талай рет адасқан адамдар мен жоғалған малды тауып, қиындықта қалған тұрғындарға қол ұшын созған. Өз қызметін адал атқарып жүрген абыройлы тәртіп сақшысының мұндай әрекетке баруы мүмкін емес, - дейді журналист.
Қорғаушылар сот шешіміне қарсы
Көкпекті ауданының №2 сотының төрағасы шешім шығарса да, заң күшіне әлі енген жоқ. Қорғаушылардың сөзінше, келер жылдың 6 қаңтарында апелляциялық сот отырысы өтеді. Бұған дейін өткен сот шешімі мынадай болды: "Бухарбаев Қ.К. және Түсіпжанов М.Т. 2018 жылы қыркүйектің 27-сінен 28-іне қараған түні Жарма ауданы, Әди ауылынан 13 шақырым жердегі Байбазар аймағынан еркін жайылып жүрген 21 бас жылқыны, қазанның 22-сінен 23-іне араған түні Көкпекті ауданы Кіші Бөкен ауылынан 1 шақырымдағы Қызыл-Қайың деген жерден 19 бас жылқыны айдап әкеткен. Жергілікті учаскелік тәртіп сақшысының көмегімен ұрланған малды "Бүркіт" шаруа қожалығына әкеліп қамап, оларға "Б", "Қ" деген таңба басқан.
Д.Қ. Елеусізов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-бөлімі, 3-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылсын. Қ.Қ. Бухарбаев Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 4-бөлімі, 3-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылсын".
Алайда айыпталушылардың ақтаушылары сот кесіміне келіспейді.
- Біріншіден, таңғы сағат 4-терде елсіз жерде жүрген ол неғылған адам? Бұл қала емес, ауыл іші емес. Екіншіден, егер айыпталушы тарапынан қорқыту, бопсалау әрекеттерімен қоса, өміріне шын қауіп төніп тұрса ғана куәгер бүркеншік атты пайдалана алады. Оған ешбір айғақ-дәлел болмаса, ол қайдан шыққан "құпия куәгер"? - дейді учаскелік полиция қызметкері Дамир Елеусізовтің қорғаушысы Дәурен Толымханов.Қорғаушылар еліміздің Ата заңына сүйеніп табандылық танытса, әділеттілік орната жатар. Іс қозғалғалы бері 2 жыл өтсе де 1989 жылы туған Мирас Түсіпжановтың өлімі әлі де жұмбақ күйде қалып отырғаны күдік туғызбай қоймайды. Бұл тұста Жанна Танабекованың пікірін ешкім елемеген тәрізді. Алдағы уақытта сараптама жүргізілсе, жас жігіттің өлімінің құпиясы ашылары сөзсіз. Жаңа жылдық демалыстан кейін ресми органдардан ресми жауап алып, жағдайды назарда жіті ұстайтын боламыз.