ШҚО-да петарда баланың қолын күйдірді
Жаңа жылда қытымыр қыс қаһарына енгендей. Облыстың әр ауданында қатты аяз қысып тұр. Мәселен, Глубокое ауданында -46 градусқа дейін төмендеп кетті
Аудандағы коммуналдық қызметтер, төтенше жағдайлар бойынша бөлімдер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Облыстық ТЖД шешімі бойынша түнгі уақытта автокөлік жолдары жабылады. Халыққа аса қажет болмаса, жолға шықпау ескертіліп жатыр. Бірақ кейбіреулер бұндай ескертулерді елемей, келеңсіз жағдайларға тап болған.
Следующая →
- 40 градус аязда отбасы кәмелетке толмаған екі баласымен жолға шығып, апатқа ұшыраған. Апат салдарынан бір бала зардап шекті, - дейді Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахимжанова. - Жаңа жыл қарсаңыда ата-аналарға балалардың қолына отшашу, петарда бермеу туралы да ескертілген. Алайда оқыс оқиға орын алды баланың қолындағы петарда жарылып, балаға тіпті ота жасауға тура келді.Сонымен қатар, Глубокое ауданында үш бала мемлекеттің қарауына алынды. Олардың ата-аналары бірнеше күн бойы ішімдік ішіп, ал балалары қараусыз қалыпты.
- Екі отбасындағы ата-ана балаларды қараусыз тастап, бірнеше күн бойы ішімдік ішкен. Үш баланы алып, мемлекеттік мекемеге тапсыруға тура келді, - дейді аудан әкімі.