Өскемендегі Амурская көшесіне Қанипа Бітібаеваның есімі берілді
Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанипа Бітібаеваның есімі өзі жетекшілік еткен Жамбыл атындағы облыстық мектеп-интернаты орналасқан көшеге берілді
Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Следующая →
- Бұл менің көптен бері көкейімде жүрген мәселе еді. Бүгін сол мәселенің орайы келіп, оңтайлы шешімі қалалық мәслихат отырысында қабылданды. Амурская көшесін ұлағатты ұстаз, КСРО мемлекеттік сыйлығының лау-раеты, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанипа Бітібаева көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Көзі тірісінде көп ісімізге қолдау білдіріп, арқамыздан қағып, ақылын айтқан жан еді. Алдында отырып дәрісін тыңдамасам да, қызметте жүріп тәлімін көрген, тәрбиесін алған Қанипа апайды мен де өзіме ұстаз тұтамын. Ендеше ұстаз шәкірті ретінде ел үшін де, мен үшін де орны бөлек қуанышпен сіздермен бөліскенді жөн көрдім, - деп жазды шаһар басшысы.