Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тарбағатай ауданында "Тәуелсіздік марафоны"өткізілді

Аталған марафон биыл осымен екінші рет өткізіліп отыр. Марафоншылар 85 шықырымдық жолды жаяу жүгіріп өтті

- Қастерлі Тәуелсіздігіміздің құрметіне орай ауданымызда "Тәуелсіздік марафоны" ұйымдастырылды. Марафоншылар Ақсуат пен Ырғызбай әулие кесенесі арасындағы 85 шақырымдық жолды еңсерді. Шараға алты ауылдан 30-ға жуық тұрғын қатысты, олардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды. Әлбетте, шара барысында қауіпсіздік шаралары да қатаң сақталды. Марафонға 18 жастан асқан және медициналық анықтама қағазы бар азаматтарды ғана қатыстырдық. Шараның мақсаты - жастардың бойындағы патриоттық сезімін ояту, елге, жерге құрмет көрсету, - дейді Тарбағатай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мирас Дәуренбекұлы.
Оның айтуынша, аталған марафон енді жыл сайын өткізіледі.
- "Тәуелсіздік марафоны" ауданымызда жыл сайын өткізілетін болады. Ерекше айта кететіні, марафонға жастар көп қатысты. Тіпті араларында елуді еңсерген ағаларымыз да болды. Шараның шарты бойынша марафоншылар арнайы киімдер киіп, қолдарына ту ұстап жүгірді, - дейді Мирас Дәуренбекұлы.

Следующая →