Өрелдегі кітапхана жөндеуден өтті
Тәуелсіздік мерекесі күні Катонқарағай ауданындағы Өрел ауы-лында биыл ағымдағы жөндеуден өткен ауылдық кітапхана қолданысқа берілді
Аудан әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, кітапхана ғимаратын жөндеу жұмыстарына "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 11 млн теңге бөлінген. Бір жыл ішінде кітапхананың шатыры мен сырты жаңа темір қаптамамен жабылып, ішіндегі төбесі мен қабырғалары жөнделіп, жылу жүйесі жүргізілген.
Следующая →
- Биыл ауылдық округімізде ауыз толтырып айтарлықтай бірқатар істер атқарылды. Мәселен, Өрелдегі бір көшеге асфальт төселді, одан бөлек, Аршаты ауылының көшелері мен Берел-Аршаты бағытындағы жолға тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді. Енді, міне, ауылымыз үшін тағы бір қуанышты жаңалыққа куә болып отырмыз. Ауылдық кітапхана ағымдағы жөндеуден өтіп, есігін қайтадан айқара ашты. Кітапханаға мердігерлер бірнеше кітап сөрелерін сыйлады. Болашақта кітапхана қоры құнды кітаптармен толуына, оқырмандарының мол болуына тілектеспіз, - дейді ауылдық округ әкімі Еркін Көбешев.Айта кеткен жөн, Өрелдегі кітапхана бұрынғы ескі мектеп ғимаратының бір бөлігінде орналасқан. Онда барлығы үш адам еңбек етеді. Қазіргі таңда мұнда он сегіз мыңға жуық кітап қоры сақталған. Жыл сайын ауданнан кітаптардың жаңа түсімі жеткізіліп тұрады екен.