Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көкпектіге ақындардың алғысы жауды

ШҚО Көкпекті ауданында 2020 жылдың тұңғыш айтысы өтті

Сүйінші! Ақындар үшін, айтыскерлер үшін ақ түйенің қарыны жарылды! Тышқан жылы басталғалы облыс көлеміндегі бірінші айтысты Көкпекті ауданы ұйымдастырды.

Мінекей, шығыстың ақсүйек айтыс өнері мен арқалы ақындары үшін осылай сүйінші сұрайтын хәлге жеттік. Неге? Себебі ұлттық құндылығымызды ұлықтап жатқан ешкім жоқ. Карантин аяққа тұсау болды десеңіз, Қазақстанның басқа облыстары пандемияға пысқырып та қарамастан, сахнаны құрып тастап, жарнаманы желіден ұрып тастап, дүркіретіп өткізіп жатты ақындардың жыр додасын. Сонда, біздің Алтайдың халқы айтысты іздемей ме, сағынбай ма, әлде той жасауға демеуші болар бір қалталы азамат табылмай ма? Әкімдік қызметкерлері ақындарға өз қолдарымен марапат ұсынбақ түгілі, айтыс болып жатқан сарайға бас сұға ма десеңізші. Әйтеуір жыл аяқталуға 1 ай қалғанда ақындарын ұмытпаған бір ауданның бар екенін білдік. Қазақылығынан ажырамаған Көкпекті тағы да көш басынан табылды. Естеріңізде болса, 2020 жылы халықтың әлеуеті мен экономикалық-стратегиялық дамуы бойынша шығыс өңірінде Көкпекті ауданы 1-ші орынға тұрақтаған болатын. 

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп жиын өткізіп, ашық есеп беруді бастаған да осы Көкпекті еді. Бұл жолы еліміздің азаттығы, тәуелсіздігі қарсаңында карантинге байланысты онлайн түрде болса да ақындар айтысын жасап, артылған жүкті абыроймен көтерді. Бабадан қалған мұраны жаңғыртып, жәдігер өнерді насихаттауға келгенде осы ісімен-ақ өзінен басқа он төрт ауданды шаң қаптырып артына тастады.

Бұл айтыс бұрынғы айтыстан өзгерек


9 желтоқсан күні Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің мұрындық болуымен облыстық ақындар айтысы өтті. Онлайн форматта жүргізілген сөз барымтасының тізгінін сол елдің ақыны Манарбек Бекіштегі ұстады. Жыр көкпарында облыстың айтулы, таңдаулы 8 ақыны тартысты. Семей қаласынан - Манарбек Сатыбалды, Айбек Жеңісқазин, Аягөз қаласынан - Айшолпан Тілеутай, Өскемен қаласынан - Қуаныш Еркінұлы, Зайсан қаласынан - Ардабек Ақбаба, Үржар ауданынан - Баян Бағдатұлы, Көкпекті ауданынан - Фархат Маратұлы мен Аян Қалымбектегі бақ пен бапты қатар жарыстырып көрді.

Сегіз ақынды былай қойып екі адамның арасындағы бәсекеге де қара қылды қақ жарып, әділ бағасын беретін қазылар алқасы болады. Бұл жыр аламанына "айтыстың солақайы" атанған, кезінде талай бәйгеде топ жарып, кермені үзіп келген ардагер ақын Серік Құсанбаев төрелік етті. Аягөз ауданының тумасы, өзі де осы қазанда пісіп-жетілген, қазір сахнадан көрінбей кеткен Қазыбек Байжұмантегі мен тілші, Көкпекті аудандық "Жұлдыз" газетінің бас редакторы Дархан Бердібек қазылар алқасының мүшесі болды.

Айтыстың ережесі де ерекше екен. Біріншіден, тікелей эфирде өтті. Екіншіден, кім кіммен айтысатынын алдын ала ешкім білген жоқ. Үшіншіден, қырғыздардың айтысындағыдай бағалау тәсілін қолданды. Дәл бұндай бағалау жүйесін басқа өңірде болса да, қазір сахнада жүрген жас өрендердің ешқайсысы бұрын-соңды көрмеген. Үш төреші қол көтеріп дауыс беріп, "жеңді/жеңілді" деген кесіммен келесі айналымға қай ақынның шығатынын анықтады және әр жұптың тартысын талдап, сын-ескертпе немесе мадақтау сөздерін айтып отырды. 8 ұпай, 10 ұпай беріп у да шу қылмай да, арифметикаға жүгініп, санап әуре болмай да айтыс ұйымдастыруға болатынын бәріміз білдік, көрдік, ұнаттық.


Кіл жүйрікте кім жүйрік?


Ұлттық мәдениетті өлтірмей, кейінгі ұрпаққа жеткізуді парызым деп санаған дәстүрлі өнердің аманатшылары алуан түрлі тақырыпқа ой жүгіртіп, аға мен бауыр, қыз бен жігіт, жезде мен балдыз айтысының үлгісін көрсетті. 1-орынды үш кезек айтысып, тамаша өнер көрсеткен Өскемен қаласының дүлдүлі Қуаныш Еркінұлы қанжығалады. 2-орынды Қуанышпен үзеңгі қағыстырып әдемі де кәделі тартыс жасай білген Көкпектінің кербез ақыны Фархат Маратұлы еншіледі. Зайсан қаласы атынан шыққан, кейінгі екі жылда айтыс аламанының алдын бермей келген Ардабек Ақбаба мен Үржар ауданының тумасы, үлкен сахнаға жаңа-жаңа аттап, көзге түсіп жүрген Баян Бағдатұлы 3-орынды бөлісті. Аян Советұлы, Айбек Жеңісқазин, Манарбек Сатыбалды және Айшолпан Тілеутай сынды қалған ақындар да марапатқа ие болды. Көкпекті ауданының Мәдениет бөлімі бір де бір ақынды құр алақан қалдырған жоқ. Барлығына жергілікті бюджет есебінен қаржылай жүлделер табысталып, алғыс хат, дипломдармен марапатталды.
Следующая →