Бесқарағай ауданындағы құсы қырылғандарға өтемақы толық төленді
Бесқарағай ауданындағы Баскөл ауылы 6 қазан күні құс тұмауына байланысты 21 күнге карантинге жабылған болатын. Ондағы 6 отбасының жалпы саны 201 бас құсы жойылған
Бесқарағай ауданында алғашқы құс тұмауы 29-ынан 30 қыркүйекке қараған түні тіркелген. Құс тұмауы ауылға жақын маңдағы көлге ұшып келген аққулардан жұққан.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Еренғайып Табылдиннің берген мәліметі бойынша, жалпы көл жағасына жақын орналасқан 6 үйдің 201 бас тауық, қаз-үйрегінің көзі жойылған.
Бесқарағай ауданында 25 мыңнан астам құсқа екпе жасалған. Ал карантин жарияланған Баскөл ауылындағы 1270 құсқа вакцина салыныпты.
Ал жақында үй құстары жаппай қырылған жандарға өтемақы төленген. Өтемақы республикалық бюджеттен төленді.
Следующая →

- 6 адамға өтемақы төлеу туралы анықтама бердік. Жалпы саны 201 бас құс: 10 - үйрек, 119 - қаз, 72 - тауыққа өтемақы тағайындалды. Өтемақы толықтай төленіп қойған, - дейді Баскөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ләззат Шәріпханова.Айта кетейік, әр қала, ауылда қырылған құстың басына берілетін өтемақы сомасы әр түрлі екен. Облыстық Ветеринария басқармасы ұсынған ақпараттарға сүйенсек, Бесқарағайда індеттен қырылған жұмыртқа бағытындағы тауықтың әр басына 1520, ет бағытындағы тауыққа - 1942, күркетауыққа - 10 574, қазға - 7363, ал үйрекке - 4914 теңге мөлшерінде өтемақылар белгіленген екен. Сонымен, қазан айында құс тұмауынан құстары қырылып қалған 6 отбасыға жалпы 1 млн теңгеден астам өтемақы респубикалық бюджеттен төленген.