Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Аягөз ауданының Тарлаулы ауылына интернет қосылды

Аягөз ауданының Тарлаулы ауылына интернет қосылды. Бұл ауылда интернеттің жоқтығы оқушыларға онлайн оқуға біршама қиындық туғызған

Елде тараған індет интернеттің адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Бұл әсіресе карантиндік шектеу шараларына байланысты қашықтан білім алып отырған оқушылар мен студенттерге қиындық тудырды. Дегенмен өзекті мәселе көп күттірмей оң шешімін тапты. 
- Президент жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР-ның ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша "кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету" жобасы іске асырылуда. Ауыл тұрғындарының тек білім процесінде ғана емес, электрондық үкімет қызметтерін алуы да жеңілдеді, - дейді Тарлаулы ауылдық округінің әкімі Нұрбек Қабыкешов.
Ауылда интернеттің жоқтығы салдарынан қашықтан білім алудың әбден машақатын көрген Мәдина Рашидова бұл жаңалыққа ерекше қуанғанын айтады. Интернеттің жоқтығы білім сапасына да әсер етпей қоймайтындығын алға тартады ол. 
- Қазір Алматы қаласындағы жоғары оқу орнында оқып жатырмын. Карантинге байланысты онлайн оқу жүйесіне көштік. Бастапқыда біраз қиындықтар болды. Қазір интернетке қосылып сабағыма толық қатысып жатырмын, - дейді ауыл тұрғыны Мәдина Рашидова.
Айта кетейік, жыл соңына дейін жүзден астам абонентті жоғары жылдамдықтағы интернетке қосу жоспарлануда. Ал 2021 жылдың 1-ші тоқсанында қалған елді мекендердің тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады.

Следующая →