Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +28°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жаңғызтөбеде мәдениет үйі жоқ еді

Тұңғыш Президент күніне орай Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінде мәдениет үйі ашылды

Жұртының қуанышында шек жоқ. Себебі ауылда рухани орда жоқ еді. Осылайша Теміржолшылар ауылында рухани серпіліс пайда болды.

Нысанда 110 орындық көрермен залымен қатар, кітапхана және электронды қызмет көрсету орны қамтылған.
- Жаңғызтөбе кенті тағы бір жағымды жаңалықпен толығып отыр. Кент тұрғындарының көкейінде жүрген мәселенің түйіні шешілді. Тұңғыш Президент күніне орай ауылда мәдениет үйі тұрғындарға есігін айқара ашты. Мәдениет ошағынан көп жылдар қол үзген іргелі елді мекен тұрғындары бұл істі ыстық ықыласпен қабылдады. Биыл клуб ғимаратына қолайлы ғимарат тағайындап, оны күрделі жөндеуден өткізіп, теміржолшылар ауылына рухани жан бітіруге күш салынды. Ауыл ақсақалдарының қатысуымен мәдениет үйінің тұсауы кесіліп, өнерпаздар алғашқы концерттік бағдарламасын ұсынды. Нысанда 110 орындық көрермен залымен қатар, кітапхана және электронды қызмет көрсету орны қамтылған, - дейді Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин.
Айтулы қуанышқа ауыл тұрғындары да дән риза. Енді өнерлі жастар бос уақытын осында өткізбек. 
- Ауылымызда көптен бері мәдениет үйінің орны ойсырап тұрған еді. Енді, міне, көптен күткен қуанышымыз да орындалды. Ішінде іздеген қажетіңнің бәрі бар. Әсіресе өнерге, білімге құштар жастарға тиімді болды деп ойлаймын. Тіпті мерекелік күндерді де осында өткізетін болдық. Сонымен бірге, мәдениет үйіне жастарды жарытса дейміз, - дейді Гүлназ есімді ауыл тұрғыны. 

Следующая →