Өскеменде ителгілерді ұстаған ер адам бас бостандығынан айырылды
Өскеменде Қызыл кітапқа енген ителгілерді ұстаған ер адам бас бостандығынан айырылды
Өскемен қалалық №2 сотының мәліметінше, ер адам қазан айында қала аумағында екі ителгіні ұстап алып үйінде асырған.
Следующая →
Сот шешіміне сәйкес қылмыскер бір жылға бас бостандығынан айырылды.- Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабы 1-бөлігіне (заңсыз ұстау, иемдену, сақтау, өткізу, енгізу, шығару, тасымалдау, сирек кездесетін және құрып кетудің алдында тұрған өсімдік пен жануарлар түрлерін құрту) сәйкес іс қозғалды, – дейді №2 қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер. – Анықталған дәйектерге сот шешіміне негіз болып, айыпкердің кінәсі дәлелденді. Оған жаза тағайындау кезінде сотталушы кінәсін мойындап, болған іске өкінетіндігін жеткізді.