Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жармада тұрғын үй құрлысы жанданды

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қалбатау ауылында 14 жеке үй салынды

Аталған ауданда 2020 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында аудан экономикасына бағытталған негізгі инвестицияның көлемі 32,5 млрд теңгені құрап отыр. Бүл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9 млрд теңгеге артты. 
- Тартылған инвестициялар республикалық маңызы бар тас жолдарды қайта жөндеу жұмыстарына және баламалы энергия өндіру жобасы бойынша «Жаңғыз Солар» ЖШС-на, Бақыршық тау-кен кәсіпорынының тау-кен байыту комбинатына тиесілі. Сонымен бірге, мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен «Аумақты дамыту» бағдарламасы аясында 3 млрд 679 млн теңгеге 60 жоба жүзеге асырылуда. Олар халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, әлеуметтік нысандар мен жолдарды жөндеуге және көгалдандыруға бағытталған. Соның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 25 жоба, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында - 5 жоба іске асырылуда. Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде 3 ауылда сумен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстары қолға алынып отыр, - дейді Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин.
Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қалбатау ауылында 14 жеке үй салынды. Сонымен қатар, Қалбатау ауылында 10 және Шар қаласында 5 екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 

Следующая →