Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +22°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемен қаласында коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін 100 мобильді топ құрылды

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар коронавирус инфекциясының жылдам таралуына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің сапасыз жұмысы себеп болғанын айтады

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өз жұмысын нашар атқарғандықтан қалада індет жылдам таралып кеткен. Әкімдік осы мәселені шешудің өзіндік амалын тапқандай. 

- Әкімдіктің тарапынан мобильді топтар құрылды, - дейді Жақсылық Мұқашұлы. - Бұл топтар медициналық қызметкерлерге арнайы көмек көрсетеді және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмыс сапасын тексереді. Мәселен, қазір ауру шыққан ошаққа тікелей барып, тексеріп, олармен қарым-қатынаста болғандардың аты-жөнін түгелдей қағазға түсіріп, зерттеу жүргізудеміз. Сонда ғана науқастардың саны күрт азайғаны байқалды.

Бұл мобильді топ ПТР тест нәтижесі оң шыққандарды да және жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалғандарды да қатаң қадағалайды. 

- Жағдайды телефонмен ғана бақылауда ұстау мүмкін емес. Сол себепті бұндай әдіс тоқтатылды, - дейді шаһар басшысы. - Мәселен, ПТР тест нәтижелері арнайы базада тіркеледі, сол базадан кімнен тест нәтижесі оң шыққанын анықтап, ары қарай жұмыс жасаймыз. Мобильді топ сол науқастың үйіне барады, медициналық көмек көрсетеді және дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуін қадағалайды.
 

Барлығы 100 мобильді топ құрылған, яғни 100 көлік, 200 медициналық қызметкер күндіз-түні жұмыс жасайды.
Следующая →