Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +19°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +20°
  • Костанай
    +15°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұлан ауданында "Үздік Абай образы" фотобайқауы ұйымдастырылды

Ұлан ауданында "Үздік Абай образы" атты аудандық фотосурет байқауының жеңімпаздары анықталды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ұйымдастыруымен "Абай бол..." жобасы аясында "Үздік Абай образы" атты аудандық фотосурет байқауы ұйымдастырылды.
- Байқауға әр ауылдық округтен 7 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Қазылар алқасы үміткерлердің Абай образындағы киіміне, образға шынайы тұлғалық ұқсастығына, фотосуреттердің сапасына баса назар аударды. Тағылымы мол байқаудың қорытындысы бойынша әділқазылар ережеге сәйкес суреттерді саралап, жеңімпаздарды анықтады, - деп мәлімдеді Ұлан ауданы әкімдігіндегілер.
Бас жүлдені Айыртау ауылынан Абай Каметаев иеленсе, бірінші орынды Қасым Қайсенов кентіндегі бес жасар кішкентай қатысушы Төре Қабдуалиев иеленді. Екінші орынды Алмасай ауылынан Амангелді Қасен иеленсе, үшінші орынды Асубұлақ кентінен Сержан Амангелдіұлы иеленді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Следующая →