ШҚО-да жас мамандар қалай баспана алып жатыр?
Шығыс Қазақстан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқаны жайлы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының аумақтық филиалдарымен отырысы барысында айтылды
2020 жылы Шығыс өңіріне 381 жас маманның тұрғын үй сатып алуы үшін республикалық бюджеттен 1 574 694 мың теңге бөлінген. 1-қарашаға дейін 380 маман 1 469 967 мың теңге сомасында мемлекеттік несие алған.
Ал облыс аумағындағы қалалар мен аудандарға 494 маманның әрқайсысына жәрдемақы төлеуге 137 167 теңге бөлінген. Бүгінге дейін 450 маманның әрқайсына 123 265,5 теңге көлемінде жәрдемақы төленді.
Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама басталғалы, яғни 2009 жылдан бері Шемонайха ауданына – 124, Зайсан ауданына – 162, Бесқарағай ауданына – 183 жас маман жұмысқа тұрған. Талдау нәтижелері көрсеткендей, ауылдарға барған жастардың көбі – ұстаздар мен медицина мамандары.
Следующая →