Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейде 11 мыңнан астам отбасы баспана кезегінде тұр

Биыл Семей қаласында 11 мыңнан астам отбасы баспана кезегінде тұр. Бұл туралы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова мәлімдеді

Семейде былтыр 112 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Көпбалалы және толық емес отбасыларына, сондай-ақ мүгедек баланы тәрбиелеуші жанұяларға 20 млн теңге сомаға 20 тұрғын үй сертификаты берілген.
Биыл көпбалалы отбасыларға 22 пәтер берілсе, оның 4-еуі сатып алу құқығынсыз мемлекеттік тұрғын үй қорынан және 18-і «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына жалпы 25 млн теңге сомаға 25 сертификат берілді. Бұдан бөлек, Қарағайлы ықшам ауданындағы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін төрт үйден 125 пәтер көпбалалы отбасыларға берілді.
- Жалпы бүгінгі күні қалада 11318 отбасы тұрғын үйге мұқтаж. Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша мұқтаж және көпбалалы отбасыларға төлемге қабілеттілігін растау үшін 250 жолдама берілді. Олардан құны 884 млн теңгеге 95 сұраным расталды. Сонымен қатар, осы жылдың екінші жартысында жергілікті атқарушы органдардың кезегіндегі отбасыларға арналған «Шаңырақ» мемлекеттік бағдарламасы басталды. Бағдарлама бойынша жылдық пайыздық көрсеткіші 5%, алғашқы жарнасы 10%-бен 20 жылға беріледі. Тұрғын үйді тек бастапқы нарықта ғана сатып алуға болады, - деді Диана Шаяхметова.

Следующая →