ШҚО Үржар ауылында жаңа көпір қолданысқа берілді
Үржар ауданына қарасты Көктал ауылында жаңа салынған көпірдің ашылу салтанаты болды. Жаңа көпірді тұрғындар өз күштерімен салып шыққан болатын
Аспалы көпір Қатынсу өзенінің үстінен салынды. Аталған ауыл шетіндегі өзен көктем мен күз мезгілінде тұрғындарға мейілінше қиындық тудыратын көрінеді. Жаңбыр мен қар суының салдарынан өзен деңгейі көтеріліп, жай күндері кешіп өте шығатын өзен өткел бермейтін кездері көп екен.
- Көпірдің жоқтығы көктем мен күз айларында білінетін еді. Іргедегі өзеннің арғы жағына өте алмай жүреміз. Енді, міне, ауыл жастары атсалысып, ауылға көпір салдық. Енді су кешпейтін болдық, - дейді ауыл тұрғыны Марат Жеңісов.
Айта кетейік, аспалы көпірдің жалпы ұзындығы - 130 метр. Көпірдің жобасын сол ауылдағы сызу, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Ахат Рақышев жасапты.
Следующая →
- Көпірдің жоқтығы көктем мен күз айларында білінетін еді. Іргедегі өзеннің арғы жағына өте алмай жүреміз. Енді, міне, ауыл жастары атсалысып, ауылға көпір салдық. Енді су кешпейтін болдық, - дейді ауыл тұрғыны Марат Жеңісов.
Айта кетейік, аспалы көпірдің жалпы ұзындығы - 130 метр. Көпірдің жобасын сол ауылдағы сызу, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Ахат Рақышев жасапты.
- Көпірдің жалпы ұзындығы - 130 метр. Бірінші қағазға көпірдің макетін жасадық. Кейін кем-кетігін макетке қарап түзеттік. Мен жалғыз салған жоқпын. Мектепті 20 жыл бұрын және 30 жыл бұрын бітірген түлектер бірігіп қаражат жинап, ауылға сый тартайық деген ой келді. Бұған ауылдың жастары, кәсіпкерлері де көмек берді. Тұрғындар көктем кезінде өзеннен өте алмай қатты қиналатын еді. Әсіресе, балықшылар, қырға баратындар және мал іздеушілер. Бұған дейін көпір жоқ кезінде атпен немесе жүзіп өтетін. Өзеннің түбі құмды, лайлы болып жатады. Анау-мынау көлік өте алмайды. Ақыры халықтың қиналған сәтін көріп біз де іске көштік. Ауыл жастарының басын қосып, өз күшімізбен көптің көңіліндегі көпірді салып шықтық. Жастар да игі іске бірден жұмыла кетті, - дейді көпірдің авторы Ахат Рақышев.Құрылысшылар көпірден адам өтетіндіктен қауіпсіздігін де басты назарда ұстапты.
- Көпірдің сапасы мықты болу үшін негізгі материалдары - жуан труба, темір тіреулер мен болат арқандар. Ауылға көпір керек боп жүрген. Колхоз кезінде ауылда сайтан көпір болған. Темір арқанды жай ғана екі жағаға тарта салған. Ені 80 сантиметрлік екі трос. Салбырап тұратын. Шопандар еңбектеп өтіп жүретін. Қызығы сол ортасына барғанда суға тиіп қалатын. Көктемде су тасығанда мұзға тіреліп, ақыры құлап қалған еді. Қазір ауылда 150 үй бар. Жаңа салынған көпірдің биіктігі 10 метр, ені 1,4 метр, өзен үстінен биіктігі 3 метр. Ортасы салбырамайды, екі баған көтеріп тұрады. Құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде бізде кран, экскаватор, бульдозер, миксер, т.б. техникалар мүлдем болған жоқ. Барлығын адамдардың қолымен қарапайым тракторлардың көмегімен сәтті жасап шықтық, - дейді тұрғын Ахат Рақышев.Ауыл азаматтарының ел үшін төккен терлерінің арқасында тұрғындар енді арғы жағаға аспалы көпірмен өтетін болды. Ауыл жастарына тұрғындар алғысы шексіз.