Усть-Каменогорск
малооблачно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Абай ауданына су тартылды, енді күн суытпай үйге кіргізіп алу керек

Абай ауданындағы Қарауыл ауылында "Таза су" бағдарламасы аясында аудан орталығы су құбырларын қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жоба бойынша су жүйесі әр тұтынушының үйінің қоршауына дейін жеткізіліп жатыр

- Жобаға сәйкес Сіздер ендігі кезекте одан әрі су жүйесін үйлеріңізге тартқызып, қосқызуларыңыз қажет, - деп ескертеді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров. - Тиісті жұмыстарды өз тараптарыңыздан атқаруға немесе Қарауыл ауылдық округінің әкімдігі арқылы ШЖҚ "Риза" КМК көмегіне жүгінуге болады. Бұл аса маңызды шаруа екенін ескере келе, су жүйесін күн суытпай шұғыл арада кіргізулеріңізді сұраймыз. Әсіресе алғашқы кезекте Ұлжан, Шәкәрім, С. Сүндетбаев, Көкбай, Зере және О. Құтжанов көшелері. Әрі қарай кезең-кезеңімен іске асырылады.
Айта кеткен жөн, қазу жұмыстары ақылы негізде жүргізіледі. Су құбырын және керек заттарды тұрғын үй иесі өзі қамтамасыз етуі қажет болады.
- Су құбыры жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, іске қосылғаннан кейін бұрынғы су құбыры желісінің және құдықтардың жұмысы тоқтатылатындығын ескертемін. Тұрғын үйлерге су жүйесінің уақтылы енгізілмеуі су құбырларын байланыс-тыруда қиындық тудырады, - дейді Жарқынбек Борашұлы.
Толық ақпарат алу үшін Қарауыл ауылдық округінің әкіміне 9-17-55, 9-17-67 номерлеріне хабарласуға болады.
Следующая →