Тарбағатайлықтар туған жерлерін жарықтандырып жатыр
Тарбағатайлық түлектер туған жерінің дамуына атсалысып, ерен еңбектерімен тұрғындардың ықыласына бөленді
"Ит тойған жеріне, ер туған жеріне" деген мақалды санасына сіңіріп өскен дана халық "туған жердей жер болмайтынын, туған елдей ел болмайтынын" біледі. "Ат айналып қазығын табады" демекші, ауылдың алтын бесігінде тербеліп, кіндік қаны тамған топырақтан түлеп ұшып, арман қуып қалаға кеткен жастар - "туған жерге туыңды тік" деген ұранды ұстанып ел ағасы болған шақта түбінде қара шаңыраққа қайта оралады.
Дәл осы мақал-мәтелдер Тарбағатай ауданының азаматтарына арналған ба дерсіз. Барқытбелдің бөктерін жайлай қоныстанған ауылдардың әрқайсынан қолы ашық, жүрегі кең, атымтай жомарт жандардың көп шыққаны - осы күні шығыс өңіріне мәлім болып та үлгерген. Мұның бәрі топырақтың киесінен, жердің қасиетінен деп те жорамалдайды көлденең жұрт. Қалай десек те, Тарбағатай ауданы ауызбіршілік, жомарттық, мәрттік, қазақылық жағынан аймақтағы алдыңғы орында тұрған бірлігі мықты ел. Осы төңіректегі Ақсуат, Ақжар, Қабанбай, Тәуке, Тұғыл сынды біршама ауылдардың дүркіреп шыққан атағын жалпақ жұрт баяғыдан біледі. Жағаны жайлауға жіберер жаз айлары бастала салысымен осы өңірде халықаралық күрес, айтыс дейсіз бе, республикалық бәйге, көкпар дейсіз бе - дүрілдеген дүрмектің түр-түрі өтеді. Жыл сайын бір батырға ескерткіш ашып, бір ауылға мешіт, қатымхана салып, әйтеуір барлық игі жақсылықты үйіп-төгеді. Осындай атқарылар шаруаның бәріне қонақжай Тарбағатай жұртының бір кісідей жұмылып, шығын жүгін өздері-ақ көтеріп алуға шамасы жетіп тұр.
Аталған ауылда тұрғындар электр қуатының жиі-жиі үзілуі мен желідегі кернеудің жеткіліксіздігіне шағымданған. Соңғы рет ауылдың энергиямен жабдықтау жүйесі өткен ғасырдың соңында жаңғыртылған болатын. Осындай ұзақ уақыт ішінде жабдықтың көп бөлігі тозып, ауыстыруды қажет еткен.
Ауылда жұмысты жүргізген бас мердігер ұйым - "Индустрой-2" ЖШС. Құрылысқа республикалық бюджеттен 250 миллионнан астам теңге бөлініпті. Осыған орай техникалық қадағалауды "Мұзтау", авторлық қадағалауды "VK ETNA" серіктестіктері іске асыруда.
Следующая →
Дәл осы мақал-мәтелдер Тарбағатай ауданының азаматтарына арналған ба дерсіз. Барқытбелдің бөктерін жайлай қоныстанған ауылдардың әрқайсынан қолы ашық, жүрегі кең, атымтай жомарт жандардың көп шыққаны - осы күні шығыс өңіріне мәлім болып та үлгерген. Мұның бәрі топырақтың киесінен, жердің қасиетінен деп те жорамалдайды көлденең жұрт. Қалай десек те, Тарбағатай ауданы ауызбіршілік, жомарттық, мәрттік, қазақылық жағынан аймақтағы алдыңғы орында тұрған бірлігі мықты ел. Осы төңіректегі Ақсуат, Ақжар, Қабанбай, Тәуке, Тұғыл сынды біршама ауылдардың дүркіреп шыққан атағын жалпақ жұрт баяғыдан біледі. Жағаны жайлауға жіберер жаз айлары бастала салысымен осы өңірде халықаралық күрес, айтыс дейсіз бе, республикалық бәйге, көкпар дейсіз бе - дүрілдеген дүрмектің түр-түрі өтеді. Жыл сайын бір батырға ескерткіш ашып, бір ауылға мешіт, қатымхана салып, әйтеуір барлық игі жақсылықты үйіп-төгеді. Осындай атқарылар шаруаның бәріне қонақжай Тарбағатай жұртының бір кісідей жұмылып, шығын жүгін өздері-ақ көтеріп алуға шамасы жетіп тұр.
Мектеп түлектерінің тартуы
Міне, осындай ауылдардың қатарына енді Сарыөлең, Бозша, Ойшілік те дендеп еніп келеді. Ауылдың ауасын жұтып, шаңына аунап өскен балғын балалар ес біліп етек жапқан соң "думанды елдің малын жегенше, туған жердің қамын жейік" деп көрпелеріне қарай көсіліп қол ұшын созуда. Ойшілік ауылының өзіндік мызғымас дәстүрі бар. Мектеп бітіргендеріне 5, 10, 15, 20, 30, 40, 50 жыл болған түлектер туған ауылдарына келіп, сыныптастарымен, жерлестерімен қауышып, мәре-сәре тойлап, мектепке немесе ауылға қомақты сыйлық жасайды. Бұл - басқа ауыл, аудандар үлгі алуға тұрарлық озық тәжірибе десек те болғандай екен. 1980 жылы мектеп бітірген түлектер үстіміздегі жылдың 21-ші қыркүйегінде Ойшілік ауылында бас қосты. Алтын ұя шаңырақтан түлеп ұшқандарына 40 жыл болған сыныптастар "Орталық саябаққа" жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп берді. Атап айтқанда, жерасты кабелі арқылы 20 баған орнатып, оған 20 жарықшам тағып, саябақтың ішін самаладай жарқыратып қойды. Түлектер бұл іске наурыз айынан бастап дайындалған көрінеді. Алайда пандемиялық карантинге байланысты түлектердің кездесуі күзге дейін шегеріліп отырған.- Туған жерге деген алып-ұшқан махаббат, сүйіспеншілік бірге оқыған достарды тыныш жатқызсын ба?! Ақылдаса келе, осындай шешім қабылдап, игілікті іс атқарды. Ойшілік ауылының тұрғындары 1980 жылғы түлектерге шын жүректен алғыстарын айтады. Қазақстанның облыс-тарын білмеймін, бірақ Ойшілік ауылындағыдай тұрақты түрде өткізілетін мұндай дәстүрді шығыс аймағының басқа аудандарынан кездестірмеппін, - дейді Ойшілік ауылдық округінің әкімі Ержан Құттыбаев.
Атымтай жомарттар көп
Тарбағатай ауданы бойынша тек Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Ахметбұлақ ауылына жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млн 481 мың теңгеге 110 энерготиімді лэд жарықшамдары орнатылған. Өзге ауылдарға сол жерден шыққан жаны жомарт, қалталы, атқамінер азаматтар демеушілік жасады. Сарыөлең ауылының көшелеріне аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Болат Нүрпейісов 300 мың теңгеге 12 шам орнатса, Жаңаауылға кәсіпкер Қайрат Қожахметов 10 млн теңгеге 100 дана жарықшамдар алып берді. Жаңаауыл жастарының өзі 2 млн теңге жинап, 60 шам орнатып қойған. Қайрат Қожахметовтің демеушілігімен 2 млн теңгеге Маңырақ ауылына 66 көше шамдары ілінсе, Бозша ауылының көшелеріне 14 жарық диодты қуат үнемдегіш шамдар тағылды. Әкімшілік тарапынан Ойшілік ауылдық округіне қарасты Тана мырза ауылындағы соғыс ардагері Зәріпхан Ақтаев атындағы көшенің жарықшамдары жөнделді. Жанып, күйіп кеткен жарықшамдар айырбасталып, шөп тасу кезінде көлік қағып құлатқан электр бағанасы тұрғызылды. Ауыл халқы манипулятор көлігімен көмектескен "Ақсуат" кәсіпорнының басшысы Есет Қожахметовке алғыстарын білдіруде. Сонымен қатар, Байтоғас ауылындағы ескі бағандар да жөндеуден өтті. 2019 жылы салық түсімінен аудан бюджетіне жиналған қаражаттың 1 млн теңгесі 12 энерготиімді жарықшам орнатуға жұмсалды. Байтоғастың қараңғы көшелеріне жарық берген жергілікті жеке кәсіпкер Ержан Қоңыртаевтің мердігер компаниясы.Ұланда да электр желілері жаңартылды
"Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Ұлан ауданына қарасты Герасимовка ауылының электр желілері жаңартылды.Аталған ауылда тұрғындар электр қуатының жиі-жиі үзілуі мен желідегі кернеудің жеткіліксіздігіне шағымданған. Соңғы рет ауылдың энергиямен жабдықтау жүйесі өткен ғасырдың соңында жаңғыртылған болатын. Осындай ұзақ уақыт ішінде жабдықтың көп бөлігі тозып, ауыстыруды қажет еткен.
Ауылда жұмысты жүргізген бас мердігер ұйым - "Индустрой-2" ЖШС. Құрылысқа республикалық бюджеттен 250 миллионнан астам теңге бөлініпті. Осыған орай техникалық қадағалауды "Мұзтау", авторлық қадағалауды "VK ETNA" серіктестіктері іске асыруда.
- Герасимовка ауылында электр желілері толықтай жаңартылды. Құрылыс монтаждау жұмыстары осы жылдың шілдесінде басталған болатын. 10, 0,4 және 0,22 ваттық үш трасса салынды. Олардың қашықтығы он шақырымнан асады. Қазіргі уақытта энергетикалық компания мамандары Герасимовка тұрғын үйлері мен ғимараттарына электр беретін әуе желілерін ауыстыру жұмыстарын аяқтауда, - дейді Ұлан ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сабыржан Қилыбаев.Мамандардың сөзіне сүйенсек, қайта құру жұмыстарының нәтижесінде жүйенің жалпы қуат тұтынуы сағатына 700 киловатқа дейін артпақ. Бүгінгі күні нысанның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Тек іске қосу-жөндеу жұмыстары ғана қалып отыр.
- Осы жобаның нәтижесінде 50 адам жұмыспен қамтылып отыр, оның жартысы, яғни, 25-і - Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жіберілгендер, - дейді Ұлан ауданының әкімдігі.