Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Алтай ауданында 30 жылдан кейін аурухананы жөндеу жұмыстары қолға алынған. Аудан әкімі Қалихан Байғонысов аудандық емханада болып, онда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты
- Жөндеу жұмыстары емхананың жұмысымен қатар жүргізілуде: Дәрігерлер науқастарды қабылдауды бір тәулікке тоқтатқан жоқ. Сапар барысында мердігерге ғимараттың жөндеу сапасы мен мерзіміне баса назар аударуды тапсырдым, - деді аудан әкімі.Айта кетейік, биыл "Парыз" қорынан Алтайдағы денсаулық сақтау мекемелерін жөндеуге қаржы бөлінген болатын. Ал аудандық медициналық мекеме ғимаратында 30 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу болмаған.