Усть-Каменогорск
малооблачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +7°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

16 қазан тарихта несімен есте қалды?

Бұл күн ел және шетел тарихында қандай айтулы оқиғаларымен есте қалғаны туралы мәліметтер дайындады

Бүкіләлемдік азық-түлік күні. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының құрылған күніне орай, ұйым шешімімен тойланады.

1923 жылы - Уолт Диснейдің кино компаниясы құрылды. АҚШ-та ағалы-інілі Уолт және Рой Диснейлер "Дисней бразерс стьюдио" атты студиясын құрып, "Алисаның басынан кешкендері" деген ортақ атпен қысқа метражды мультфильмдердің сериясын дайындауға арналған шартқа қол қойды.

1940 жылы - Семей қаласында қазақтың ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының мұражайы ашылды. Республикада алғашқылардың бірі болып ашылған бұл мұражай Шығыс пен Батысты байланыстырып отыр. Абай мұражайына 20 мың жәдігер қойылған. Олардың қатарында Абайдың көзін көріп, өзі тұтынған заттар да кездеседі. Сондай-ақ, мұнда 13 мың кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді.

1961 жылы - Өскемен музыкалық аспаптар зауыты өзінің алғашқы өнімдерін шығара бастады.

1991 жылы - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы Заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес ел көшбасшысын таңдау жолындағы бүкілхалықтық бірінші сайлау өтті.

1992 жылы - Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыс бөлімшесі ашылды.

1994 жылы - Н.Ә. Назарбаев Түркияға ресми сапармен барды. Сапар барысында Түркия мен Қазақстан арасындағы Достық пен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.

2000 жылы – Семей қаласындағы Ертіс өзенінің үстіне салынған көпірдің ашылу салтанатына Елбасы Н.Ә. Назарбаев қатысып, таспасын қиды. Бұл алып көпірдің жалпы ұзындығы - 205 метр, биіктігі - 90 метр, ені - 35 метр. Көпір үстіндегі алты қатар жолдың әрқайсысының ені 4 метрге жуық.

2007 жылы -  Шымкентте "Абай" деп аталатын ұлттық әдеби, мәдени, қоғамдық басылымның алғашқы нөмірі жарық көрді. Оны шығарған Халықаралық "Абай" ұйымы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абай туралы сөз" деп аталатын мақаласымен ашылған жаңа басылым 20 бет көлемінде 10 күнде бір рет шығады. Онда қазақ ақын, жазушылары ғана емес әлем әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармалары басылады. 30 мың данамен жарық көрген басылымдағы материалдар "Әлем поэзиясы", "Поэзия", "Сын", "Нобель сыйлығының лауреаттары", "Салт-дәстүр", "Дала кемеңгерлері", "Тұлға", "Біздің қонағымыз", "Отбасы", "Детектив", "Спорт", "Халықаралық Абай клубының кітапханасы" деген айдарлар бойынша жарық көріп отыр.

2007 жылы - Қазақстан, Иран және Әзербайжан темір жол тармағының құрылысы туралы келісімге қол қойды. Тегеранда Каспий маңындағы мемлекет басшылары саммиті шеңберінде, Нұрсұлтан Назарбаев, Ильхам Әлиев, Махмуд Ахмадинежад келісімге қолдарын қойды. Бұл жоба темір жол құрылысын Қазақстаннан Иранға Түркменістан арқылы Өзен-Қызылия-Берекет-Этрек-Горган бағытында қарастырылған.
Следующая →