Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +19°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +20°
  • Костанай
    +15°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бесқарағай ауданындағы Баскөл ауылында карантин жарияланды

Бесқарағай ауданындағы Баскөл ауылы 6 қазан күні құс тұмауына байланысты карантинге жабылды

13 қазан күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында онлайн режимінде өткен брифингте ВБжҚК төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолданов мәлімдегендей, еліміздің 7 облысының 78 елді мекенінде карантин енгізілді. Бірақ ол уақытта бұл тізімде Шығыс Қазақстан облысы жоқ еді.

Алайда Бесқарағай ауданында алғашқы жағдай 29-ынан 30 қыркүйекке қараған түні тіркелген. Құс тұмауы ауылға жақын маңдағы көлге ұшып келген аққулардан жұққан. 
- 28 қыркүйек күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінен ауылдағы құстарды шығармай, қамауда ұстау туралы нұсқау келген болатын. Сол нұсқау негізінде ауыл тұрғындарына ескерту жасалды, - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Еренғайып Табылдин. - Дегенмен жақын маңда көл бар болғандықтан, онда аққулар ұшып келген. Көлге жақын орналасқан үйлердің бірінің екі-үш бас құсынан 29-30 қыркүйек күні ауру белгілері байқалған. Сигнал түсе салысымен көл маңындағы үш үйдің құсы тексерілді. Дереу ауырған құстардан сынама алу үшін Нұр-Сұлтанға жіберілді. Ал 2 қазан күні зертхана нәтижесі құс тұмауы екенін нақтылады. 
Жалпы көл жағасына жақын орналасқан 6 үйдің 201 бас тауық, қаз-үйрегінің көзі жойылған. 
- Жергілікті аңшылық инспекциясымен бірлесіп, көлге келіп қонған аққуларды үркіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құстар толық ұшып кетпейді, айналып қайта келіп жатыр. Дегенмен азайып қалды, - дейді Еренғайып Тілеужанұлы.
Ал үй құстары жаппай қырылған үйлерге өтемақы төлене ме? Жергілікті билік қазіргі таңда осы сұрақты шешу үстінде.
- Жергілікті әкімдікте шаруашылық кітабы болады. Егер құстары жойылған тұрғындардың әр құсы туралы мәлімет сол кітапта бар болса, шығын өтеледі, - деп түсіндірді аумақтық инспекция басшысы.
Қазір ауылдың кірер-шығар жолына екі бекет, кіріп-шыққан көлікті дезинфекциялайтын көліктер де қойлыған. Жалпы ауылда республикалық эпидемияға қарсы отрядтың 18 маманы жұмыс жүргізіп жатыр. Карантиннің қай уақытқа дейін сақталатыны белгісіз. Негізі құс өлген соңғы жағдай тіркелген күннен бастап 21 күн бойы сақталады екен.

Бесқарағай ауданында жалпы 25 мыңнан астам құсқа екпе жасалған. Ал карантин жарияланған Баскөл ауылындағы 1270 құсқа вакцина салыныпты.
Следующая →