Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Алтай ауданының әкімі арнайы жұмыс сапарымен Чапаев ауылдық округіне барып, "Шығыс" шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты
- Чапаев ауылдық округіне сапарым кезінде Е. Бухотанов басқаратын "Шығыс" шаруа қожалығының жұмыстарымен таныстым. Қожалық 2018 жылдан бастап элиталық асыл тұқымды бұқаларды сатумен айналысқан. Сонымен бірге, сүт фермаларын дамыту және аралас бағыттағы асыл тұқымды ферма құру бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізуде. "Шығыс" шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара малын Чехияның Пльзень қаласынан сатып алды. Сонымен қатар, бұл тек қана қоймаларда ұстауға ғана емес, жайылымдарда серуендеуге де қолайлы, - дейді аудан әкімі Қалиқан Байғонсов.Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, қожалық сауын сиырдың санын 200 басқа дейін арттырмақ.
- Қазіргі уақытта шаруашылықта тұқымды және өнім сапасын жақсарту мақсатында ірі қараны асыл тұқымды малмен селекциялық-асылдандыру жұмыстары жүргізілуде. Шаруа қожалығының перспективасында алдағы үш жылда сүт фермасын 200 бас сауын сиырға дейін кеңейту жоспарланған, - дейді аудан әкімі.