Аягөзде Жантұяқ Нұрбайұлына көше берілді
Аягөзде ел арасында бұрыннан "Заезжий двор" деп аталып кеткен көше енді Жантұяқ Нұрбайұлының атымен аталатын болады
Жантұяқ Нұрбайұлы 1943 жылы 16 жасында Аягөз вагон жөндеу депосында ағаш ұстасы болып жұмыс бастаған. Ұлы Отан соғысы кезінде ешқандай техникасыз ауыр детальдарды жөндеп, вагондарды қалпына келтіріп, қажетті вагондарды майданға жөнелткен. 1943 жылдан өмірінің аяғына дейін Аягөз вагон жөндеу депосында үздіксіз еңбек еткен. Ерен еңбегі үшін басқа да КСРО Жол қатынасы министрлігінің мақтау грамоталарымен, төсбелгілерімен марапатталған.
Следующая →
- Жантұяқ Нұрбайұлы саналы ғұмырында сегіз баланы тәрбиелеп, қызын қияға, ұлын ұяға қондырған үлкен әулеттің отағасы болды. "Ер есімі - ел есінде" демекші, Жантұяқ Нұрбайұлының еңбегі ауыл жастарына үлгі. Тұлғаның есімі көшеге берілгені тұрғындар үшін үлкен қуаныш, - деп хабарлады Аягөз ауданының әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.Айта кетейік, Жантұяқ атамыздың жары Дәмелі апа өз зейнетақысын жинап, Аягөз халқына екі оттегі концентраторын сыйға тартыпты.