Усть-Каменогорск
малооблачно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Марқакөл ауылы ішіндегі жолдар жөнделуде

Бүгінгі таңда шекаралық аудандарды дамытудың кешенді жоспары аясында Марқакөл өңіріне ерекше мән берілуде

Соның нәтижесінде Марқакөл ауылындағы ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Ауылдың кіреберісіндегі Абылайхан көшесіне тротуар төселіп, жарық шамдары орнатылды.
- Марқакөл ауылындағы ішкі көше жолдарын жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ауылдың кіреберісіндегі Абылайхан көшесіне тротуар төселіп, көше шамдары орнатылды. Бүгінде көшені малдан қорғау мақсатында қоршау қойылуда. Сондай-ақ, Тоқтаров көшесіне асфальт төселіп, тротуар мен бағаналы тас орнатылуда. Аталған жұмыстардың барысын аудан әкімі Дулат Зайсанбекұлы тексеріп, жөндеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы орындау жайлы тапсырма берді, - деп хабарлады Күршім ауданы әкімдігі өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 
Биыл Алтай ауданындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, ауданға қарасты Тұрғысұн ауылының көшелеріне шамдар орнатыла бастады. 

Бұған дейін ауыл тұрғындары көше шамдарының кейбірінің дұрыс жанбайтындығын айтқан болатын. Тұрғындардың өтінішін ескерген әкімдік көше жарығын жаңартуға бірден кірісіп кеткен. 
- Тұрғұсун ауылында көшелерді жарықтандыру бойынша ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстары басталды. Республикалық магистральдағы шамдар жарықдиодты шамдарға ауыстырылуда және желіні түсіру үшін қосымша есепке алу шкафы орнатылған (желінің ұзындығы нормадан асып кеткендіктен). Мен ауылдық округтің әкіміне атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын және олардың аяқталу мерзімдерін бақылауда ұстауды тапсырдым, - дейді аудан әкімі Қалиқан Байғонысов.

Следующая →