Усть-Каменогорск
облачно
+24°
  • Усть-Каменогорск
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +9°
  • Актобе
    +10°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +5°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бородулиха ауданы қысқа сақадай сай

Бородулиха ауданында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары тексерілді

Нәтижесінде аудандағы көп қабатты тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелердің қазандықтары жөндеуден өтіп, жылыту маусымына сақадай сай екеніне көз жетті.

Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Бородулиха ауылындағы қазандықтарға толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. 
- Осы жылы аудандағы көп қабатты тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелердің қазандықтары жөндеуден өткізілді. Жылыту маусымына сапалы дайындалу және ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің, әсіресе, қысқы кезеңде тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін аудандық штаб отырысы өтті. Онда халық үшін көмір бағасын тұрақтандыру және өсуіне жол бермеу мәселелері, сондай-ақ, қазандықтардағы жөндеу жұмыстарының барысы қаралды, - деп хабарлады аудан әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 
Аудан әкімдігінің мәліметінше ауданда 280 тонна көмір жиналған. 
- Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында Бородулиха ауылындағы қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мысалы, "Балдәурен" балабақшасына және екі төрт пәтерлі тұрғын үйге жылу беретін №4 жылыту қазандығын жөндеу барысында, бір қазандық толықтай ауыс-тырылып, екіншісі орташа жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, екі бес қабатты және екі үш қабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін №7 қазандық жөнделді. Бес жұмыс орны құрылды. Бородулиха ауылындағы 6 тұрғын үй мен бірнеше әлеуметтік мекеме "Коммуналдық шаруашылық" КММ-на қарасты 6 автономды қазандықтар арқылы жылытылады. Сонымен қатар, осы жылы Жезкент кентінің №41 тұрғын үйін жылытатын "Востокэнерго" ЖШС өндірістік қазандығы жөнделді, - дейді әкімдік.

Следующая →