Ырысбек Мәуіт: "Білімді ұрпақ қана бәсекеге қабілетті болады"
Осыдан 6 жыл бұрын елордада Zerdeli ақыл-ой дамыту орталығының негізі қаланды. Уақыт өте келе орталық үлкен мектепке айналды
Бүгінгі таңда аталмыш оқу ордасының шәкірттері білім бәсекесінде алдарына қара салдырмай келеді. Бұған олардың республикалық, халықаралық жарыстарда топ жарып жүргені мен Назарбаев зияткерлік мектептері мен Білім инновация лицейлеріне, сондай-ақ Назарбаев университеті мен шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіші дәлел. Бұл мектептің басқа мектептерден бірнеше ерекшелігі бар екенін еститінбіз. Осыны мектеп директоры Ырысбек Мәуіттің өзінен сұрап білдік.
Орталық жалпы 5 бағыт бойынша жұмыс істейді.
Орталық үшінші-алтыншы сынып оқушылары арасында 5 жылдан бері "Алтын сақа", 9-10-шы сынып оқушылары арасында "Алтын түлек" атты тегін олимпиада ұйымдастырып келеді.
Былтырдан бастап "Алтын сақа" олимпиадасын республика көлемінде өткізу туралы шешім қабылданған. Бірақ бұл ойды жүзеге асыруға пандемия кедергі келтірген. Дегенмен басшылық бұл жоспар болашақта жүзеге асатынына сенімді.
Айта кеткен жөн, олимпиадаға қатысатын оқушылардың жолының, жатар орнының, тамағының ақысы демеушілер есебінен өтеледі.
Елордадағы 6 Zerdeli мектебінде 140 мұғалім жұмыс істейді. Олар карантинге дейін 2 мың балаға сабақ берген. Карантин жарияланған кезде 800 оқушыны онлайн оқытты.
Ел арасында: "Орта білім беру мекемелері оқушыларға дұрыс білім бере алмайды, егер, олар сапалы білім берсе, жекеменшік білім беру орталықтары мен мектептер болмас еді" деген ұшқары пікір бар. Негізі, жекеменшік білім беру орталықтары мен мектептер әлемнің кез келген елінен табылады.
Биыл Назарбаев университетіне мектептің 21 шәкірті оқуға қабылданған. Жыл сайын аталмыш жоғары орнына шамамен 700 бала қабылданады. Оның ішінде елордадан 60- 80 түлек өтеді.
XXI ғасыр – білім ғасыры. Бұл ғасырда білімді ұрпақ қана бәсекеге қабілетті болады. Біз осыны есте ұстауымыз керек.
Следующая →
- Орталық болып құрылған кезде астанадағы мықты математиктердің басын біріктіріп, оқушыларға тек математика бойынша ғана сабақ бердік. Кейін сұранысқа байланысты қызмет көрсету аясын кеңейтіп, шет тілдері мен басқа пәндерді қостық. Өзіңіз білесіз, білім саласында ер адамдар өте аз. Біз оларды іздеп тауып, негізгі жұмыстан бөлек, қосымша табыс табуға, мықты шәкірт тәрбиелеуге және шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік бердік. Нәтиже көп күттірген жоқ. Шәкірттеріміз бірінен соң бір түрлі жарыстарда топ жара бастады, - дейді ол.
Орталық жалпы 5 бағыт бойынша жұмыс істейді.
- Біздің мұғалімдер шәкірттері жеткен жетістікке тоқмейілсімейді, үнемі ізденісте жүреді, - дейді мектеп директоры. - Біз 5 бағыт бойынша жұмыс істейміз. Бірінші бағыт – Zerdeli кitap. Бұл бағыт бойынша мұғалімдер қазақ тілінде кітап жазады. Бұл кітаптар дидактикалық материал ретінде қолданылады. Оған сұраныс өте жоғары. Екінші бағыт – Zerdeli talаnt. Аты айтып тұрғандай, біз ерекше қабілетті балаларды қалың көпшілікке танытамыз. Мысалы мектепте үшке оқитын баланың логикасы мықты болуы мүмкін. Дайындаса, ол баланың сыни тұрғыдан ойлаудың шыңына шығуы ғажап емес. Үшінші бағыт – Zerdeli education. Бұл 1-11 cынып аралығындағы арнайы курстар. Осы курстарда бүлдіршіндерді мектепке, оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектептеріне, олимпиадаларға, ҰБТ-ға, Назарбаев университетіне және басқа да білім саласына қатысты орта және жоғару оқу орындарына даярлаймыз. Төртінші бағыт – Zerdeli care. Мұнда біз қамқорлық көрсетумен айналысамыз. Яғни, талантты оқушылар мен мұғалімдерге Zerdeli мектебінің қорынан қаржылай қолдау көрсетеміз. Көлік алуға немесе баспаналы болуға алғашқы жарнасы жетпей тұрған мұғалімдерге материалдық көмек көрсетеміз, ал оқушыларға грант тағайындаймыз. Бесінші бағыт – Zerdeli digital. Бұл – онлайн оқыту формасы. Мұнда оқытушылар оқушылармен тікелей байланысқа шығып, нақты уақыт режимінде дәріс оқиды. Бұған қоса білім алушыларға алдын ала жазылған бейнесабақ ұсынылады.
Жүлде қоры – 3 млн теңге
Орталық үшінші-алтыншы сынып оқушылары арасында 5 жылдан бері "Алтын сақа", 9-10-шы сынып оқушылары арасында "Алтын түлек" атты тегін олимпиада ұйымдастырып келеді.
- "Алтын сақа" олимпиадасының жүлде қоры 3 млн теңге, - дейді Ырысбек Мәуіт. - Жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Астана Дарын" орталығының сертификаттарымен және ақшалай сыйлықпен марапатталады. Біз "Алтын сақа" олимпиадасын ұйымдастырамыз, өткіземіз, "Астана Дарын" олимпиадаға мектеп оқушыларының қатысуын қамтамасыз етеді, ал демеушілер қаржылай қолдау көрсетеді. Атап өтерлігі, шәкірті жеңімпаз атанған немесе жүлдегер болған ұстаздар да назардан тыс қалмайды. Олар да материалдық тұрғыдан ынталандырылады.
Былтырдан бастап "Алтын сақа" олимпиадасын республика көлемінде өткізу туралы шешім қабылданған. Бірақ бұл ойды жүзеге асыруға пандемия кедергі келтірген. Дегенмен басшылық бұл жоспар болашақта жүзеге асатынына сенімді.
Айта кеткен жөн, олимпиадаға қатысатын оқушылардың жолының, жатар орнының, тамағының ақысы демеушілер есебінен өтеледі.
– Ерекше дарынды балаларға қолдау көрсету негізгі ұстанымдарымыздың бірі. Қазір 67 баланы тегін оқытып жатырмыз. Бұдан бөлек көпбалалы отбасылардың балаларына жеңілдік жасайтынымыз, олимпиадалардан орын алған оқушыларға оқу ақысын төмендететініміз бар. Балалардың дені тегін оқып жатқандарын білмейді. Олардың оқуға деген ынтасы мен зейінін төмендетпеу үшін осындай тәсілге жүгіндік. Ал ата-аналарға балаларын үйден қамшылап отыруды өтіндік, - дейді Ырысбек Мәуіт.
Онлайн білім беру жүйесіне 2 жыл бұрын көштік
Елордадағы 6 Zerdeli мектебінде 140 мұғалім жұмыс істейді. Олар карантинге дейін 2 мың балаға сабақ берген. Карантин жарияланған кезде 800 оқушыны онлайн оқытты.
- Жалпы, пандемия білім беру жүйесіне кері әсер етті. Отандық білім жүйесі білім берудің қазіргі тәсіліне дайын болмады, - дейді мектеп директоры. - Біз онлайн білім беру жүйесіне осыдан 2 жыл бұрын көштік. Себебі "Отандастар" қорымен бірлесіп, әлем қазақтарына қазақ тілінен онлайн дәріс оқыдық. Жобаны жүзеге асыру үшін шетелден арнайы студия сатып алып, онлайн сабақ бердік. Елімізде карантин басталған кезде біз осыған дейін қолданған тәсілімізге жүгіндік. Яғни, басқа білім беру мекемелері сияқты қиналған жоқпыз.
Ел арасында: "Орта білім беру мекемелері оқушыларға дұрыс білім бере алмайды, егер, олар сапалы білім берсе, жекеменшік білім беру орталықтары мен мектептер болмас еді" деген ұшқары пікір бар. Негізі, жекеменшік білім беру орталықтары мен мектептер әлемнің кез келген елінен табылады.
- Жекеменшік мектеп Кореяда да бар. Бұл елдегі оқушылардың 70 пайызы түрлі үйірмелерге қатысады. Осыған қарап Кореяның мектептері сапасыз білім береді деп айта алмаймыз ғой, - дейді Ырысбек Мәуіт. - Себебі бұл елде білімге ерекше назар аударылатынын жақсы білеміз. Бұл жағдайда біз 2 факторды ескеруміз керек. Біріншісі, мектепте бала көп. Үш ауысыммен оқитын мектептер бар. Ұстаздардың жүктемесі көп, жалақысы аз. Екіншісі, халық білімді ұрпақ қана жетістіккке жететінін, білім ғана дағдарысқа ұшырамайтынын түсінді. Сондықтан жекеменшік білім беру орталықтары мен мектептердің қызметіне жүгіне бастады. Бұл жағдай елімізде білім нашар болғандықтан емес, халықтың білім алуға деген құштарлығы оянғаннан болып жатыр. Бұған қуанбасақ, ренжуге болмайды. Бұл – менің жеке пікірім.
Абырой әрі мәртебе
Биыл Назарбаев университетіне мектептің 21 шәкірті оқуға қабылданған. Жыл сайын аталмыш жоғары орнына шамамен 700 бала қабылданады. Оның ішінде елордадан 60- 80 түлек өтеді.
- Осындай іріктеуден 21 оқушымыздың іркілмей өтуі біз үшін абырой әрі мәртебе, - деп мақтанышпен айтады мектеп басшысы. - Шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарына түсіп жатқан шәкірттеріміз де біздің мақтанышымыз. Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде 4 оқушымыз 130-дан жоғары, 20 оқушымыз 120-дан жоғары балл жинады. Былтыр Назарбаев университетіне қабылданған 192 баланың 108-і біздің оқушылар болды. Ал Республикалық физика-математика мектебіне -23, Білім инновация лицейіне - 25, "Зерде" мектебіне - 38 шәкіртіміз түсті.
XXI ғасыр – білім ғасыры. Бұл ғасырда білімді ұрпақ қана бәсекеге қабілетті болады. Біз осыны есте ұстауымыз керек.