Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ЖМК ауданында әлі 8 жарылыс жасалады

Бұған дейін жасалған 8 жарылыс салдарынан Өскемен қаласындағы Қазыбек би көшесі, 7/3 мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қабырғалары мен төбелері сызаттанып, жарық пайда болған

Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәлімдеуінше, бұл үйдің маңындағы тау етегінен бір ауысымда 150 адамды қабылдайтын гематологиялық орталық салынып жатыр. Осы мекеме жұмысының арқасында өлім-жітімді азайтуға және қан жүйесі аурулары кезінде жазылу мүмкіндігін арттыруға болатын көрінеді. Аталмыш орталық халықаралық дәрежедегі тәжірибелерге сүйене отырып, қан аурулары, қатерлі ісік және лимфоидты тіндерде пайда болған қатерлі ісіктерін емдеп, диагноз қоюда жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдануға негізделмек.

Үйлерге зақым келді

Облыс орталығында бұндай жаңаша орталықтың бой көтеретіні қуантарлық жаңалық. Бірақ іргетасы әлі қаланбаған орталықтың құрылысына дайындық жұмыстарының өзі Қазыбек би көшесі, 7/3 мекенжайындағы көпқабатты үй тұрғындарының титығына тиіп бітті. 
Мердігер компания тау жынысын қопару мақсатында талай мәрте жарылыс дәрілерінің көмегімен жарылыс жасаған. Салдарынан жақын маңдағы екі үйдің төбелері мен қабырғаларына зақым келген. Осыдан кейін көпқабатты үй тұрғындары бұндай жарылыстарға қарсылық таныта бастаған. 
- Жарылысқа басынан бас-тап қарсы болдық. Десе де, біздің талабымыз ескерусіз қалып, жарылысты тоқтатпады. Қазір жарылыс салдарынан пайда болған сызаттар ұлғайып келеді. Үйдің терезелері де дұрыс ашылмай қалды. Жаңа баспанамызға енді қолжеткіздік пе дегенде осындай жағдайға тап болдық. Жарылыс кезінде далаға шығыңдар дейді. Кейде жаңбырда кішкене баламмен далаға шығуға тура келеді. Бастапқыда бес күн бұрын ескертеміз деген. Алдыңғы жарылыста екі сағат қалғанда ескертті. Тіпті 15 минут уақыт қалғанда ескерткен кездері болды. Қатты дауыстан үй дүмпіп кеткенде, баларым қайда барарын білмей қалады. Үйімізге жөндеу жұмыстарын жүргізгенбіз. Барлығы бекер болды, - дейді тұрғындардың бірі Бақыт Айкеқызы.
Тұрғындардың бұл қарсылығын облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандары да біліп отыр.
- Осы жерде бүгінге дейін 7-8 жарылыс жасалды. Соның салдарынан біраз ақаулар болды. Біз күнделікті тексеріс жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Бірінші келіп тексергенімде, үйдің ішкі қабырғалары қапталған гипсокартондарға зақым келді. Бүлінген бөлікті жарылыс жасаған мердігердің есебінен қайта жөндеп береміз дедік. Сол кезде тұрғындар жарылыстың жүруіне келісімдерін берген. Қазір тұрғындардың талабына сәйкес бүгін болатын жарылысты тоқтатып тұрмыз. Енді арнайы сарапшылар тұрғын үйге сараптама жұмыстарын жүргізеді. Тексеріс нәтижесі екі-үш күнде дайын болады. Жарылыс-тарды жүргізу үшін Өндірістік қауіпсіздік департаментінің басшысын шақыртамыз. Подъез-дерде ешқандай ақау көріп тұрған жоқпын, пәтерлерде ақау бар, - деген болатын тамыз айындағы кезекті рет жарылысқа қарсылық танытқан халық жиналған кезде ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әсет Сүлейменов.

Комиссия шешімі қандай?


Мәселенің байыбына бару үшін подъездерді аралап көрген едік. Қазыбек би көшесі, 7/2 үйінің бірінші подъезінің 5-қабатында төбеде сызаттар пайда болғанын көзімізбен көріп қайттық. Подъездерде жарықшалар бар болып шықты. Тіпті бір емес, бірнеше жерде. 
- Құрылыс жұмыстары мемлекеттік сатып алудың қортындысы бойынша "В & А Contractors SA" компаниясының астаналық филиалы мердігер болып, 2020 жылдың мамыр айында басталды. 2021 жылы аяқтау жоспарлануда. Аталған жерде жалпы саны 21 жарылыс жұмысын жүргізу жоспарланған. Қазір 13 жарылыс болып, енді 8-і қалды. Арнайы комиссия объектіге барып тексеріс жұмысын жүргізді. Нәтижесінде тұрғын үйлер мен жарылыс болатын аймақтың арақашықтығы 120 метр болғандықтан қауіп жоқ екендігі анықталды. Сонымен бірге, көпқабатты тұрғын үйлердің фундаменттерінде зақымданулар жоқ. Сондай-ақ, жарылыс жүргізілер алдында кемінде 24 сағат бұрын "ҚР ІІМ ШҚО полиция департаментінің Өскемен қаласының Әкімшілік полиция басқармасы" ММ, "Өскемен қаласы ПБ Сол жағалау полиция бөлімі" ММ тұрғындарды хабардар етеді, - дейді Әсет Сүлейменов.
Журналисттік сауалға жауап берген басқарма маманы барлық жарылыс жұмыстары аяқталған соң жақын маңдағы бұл 2 үйді комиссия тағы бір қарап шығып, зақымданған жерлерін жарылыс жүргізіп жатқан мердігер компания жөндеп беретіндігін айтады.
- Жоспар бойынша жарылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін арнайы сарапшы мамандар барлық үйге тексеріс жүргізіп, келтірілген шығын есептелінеді. Жарылыс салдарынан зақымданған үйлерге құрлыс жүргізіп отырған компания толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізіп береді, - дейді ШҚО Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Гүлнұр Гадылбекова.

Следующая →