Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентіндегі көше жолдары жөнделуде. Аудан әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, жөндеу жұмыстары бірнеше көшені қамтиды
- Бірнеше көшелерді жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыс үнемделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Айдың соңына дейін алты көшені, кенттің екі жағынан үш көшеден жөндеу жоспарлануда. Мүмкіндік болса, тағы бір көше қамтылмақ. Барлық жұмыстар жол құрылысының талаптарына сәйкес жүргізілуде, - деді Нұрымбет Аманұлы.Аудан басшысының сөзінше, жақында жұмыс сапасын тексеру үшін аудан орталығына жылжымалы зертхана келген.
- Топтың құрамында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өкілдері де болды. Сондықтан бәрі халықтың өмір сүру сапасы мен жағдайын жақсарту үшін жасалады, - деді ол.Осы орайда айта кетейік, бұндай тексеріс тек Ұлан ауданында емес, жолдары биыл күрделі жөндеу көрген бірнеше ауданға да барған. Тексерісті "Шығыс - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі және ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығы мониторингтік топ мүшелерімен "Сапалы жол" жобасы аясында жүргізіп жүр.
- Мониторинг барысында асфальтты арнайы құрылғымен ойып, оның құрамы мен жобаға сай стандарты сараланады. Зертханалық тексеріске 3-4 күн уақыт кетеді, - деп мәлімдеген болатын "Шығыс -Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі.Алайда екі апта уақыт өтсе де мониторингтік топ аралап шыққан аудандарының бірде-бірінің жолына қатысты зертхана нәтижесін жариялаған жоқ. Жобалық кеңсе жетекшісі зерхана қорытындысы шыққанын айтқанымен, оның нәтижесін ұсынбай отыр.