Тарбағатай ауданындағы мектептердің біріне Қожакелді батырдың есімі берілді
Тарбағатай ауданындағы №2 Ақсуат орта мектебіне батыр Қожакелді Атанұлының есімі беріліп, ескерткіш қойылды
Атанұлы Қожагелді - қазақ даласында отарлау саясатына қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін аянбай күрескен жандардың бірі. Жуықта Тарбағатай ауданындағы №2 Ақсуат орта мектебіне батыр Қожакелді Атанұлының есімі беріліп, ескерткіш қойылды.
Следующая →
- Деректерге сүйенсек, Қожагелді 16-17 жасында ат жалын тартып мініп, тәжірибелі жорықшы батырлардың жанына ерген. Сонымен қатар, қазақ пен қырғыздың арасындағы қарым-қатынастың шиеленісіп тұрған шағы осы кез болатын. Ел ішіндегі әңгімелерде Қожагелді батырдың шанышқылы Бердіқожа үшін қырғыздардан кек алғандығы туралы да айтылады, - деп жазды аудандық әкімдік әлеуметтік желідегі парақшасында.Ескерткіштің ашылу салтанатында сақтық шарлары қатаң сақталған. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Ержан Сабырбаев жергілікті тұрғындармен кездесіп, қуаныштарына ортақтасып қайтты.
- Елін, жерін қорғаған батырдың есімі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз. Біз батыр бабаларымызды ұрпаққа осылай дәріптеуіміз керек. Себебі енді ғана ержетіп келе жатқан балаларымыз тарихты біліп, батырларымызбен мақтануы керек. Рухани құндылық та, жаңғыру да осы бабалар рухынан бастау алатынын ұмытпауымыз керек, - дейді аудан әкімінің орынбасары Ержан Сабырбаев.