Усть-Каменогорск
малооблачно
+8°
  • Усть-Каменогорск
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Берелдегі қазба жұмыстарына көмектесуге еріктілер келді

Нұр-Сұлтан мен Семей қалаларынан, Түркістан облысынан келген еріктілер археологиялық қазба жұмыстарына қатысып жатыр

Ағымдағы жыл - еріктілер жылы. Осы жыл аясында денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және басқа да салаларда 7 жалпыұлттық жобаны іске асыру жоспарланған болатын.

Осындай жобалардың бірі - "Birgemiz: Asyl Mura" жалпыұлттық жобасы". Осыған орай "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау бойынша атқарылып жатқан археологиялық жұмыстарға волонтерлерді жолдаған екен.
- Нұр-Сұлтан мен Семей қалаларындағы жастардан құралған еріктілер Берел қорық-музейі зерттеп жатқан "Таутекелі қорымындағы" қазба жұмыстарына қатысса, тамыз айының 10-шы жұлдызынан бастап Түркістан облысының еріктілерінен құралған тағы бір топ Берелдегі қазба жұмыстарына қатысуда, - дейді "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің маманы Алмас Сарбасов.
Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (МИОР) тапсырысымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылуда.
- Осы арқылы біз археологияға қызығушылық танытатын жастардың армандарын жүзеге асырып жатырмыз деп ойлаймын. Сондай-ақ, олар туған өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын дамытуға үлес қосуда, - дейді еріктілерді жіберіп отырған "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова.
Қазба жұмыстарына қатысқан еріктілер де осынау киелі мекенге келіп, тарихты зерттеуге өз үлестерін қосып жатқандарын мақтан тұтатындықтарын айтып, мүмкіндік болса, тағы келетіндіктерін айтуда.
Следующая →