Усть-Каменогорск
малооблачно
+8°
  • Усть-Каменогорск
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

17 млн теңгеге 900 дана мектеп формасын сатып алды

Бесқарағай ауданында да аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектеп формасы мен құрал-жабдықтар таратылуда

"Нұр Отан" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы облыстағы көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың 1-сыныпқа баратын балаларына оқу құралдары салынған мектеп сөмкелерін сыйлады. 

Естеріңізге сала кетейік, "Мектепке жол" акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.

Сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының "Баланы мектепке жинайық!" қайырымдылық шарасы қарқынды жүргізілуде. Олег Чугунков өңір меценаттарының қолдауымен алдағы оқу жылына екі мыңға жуық баланы мектепке дайындау міндеті тұрғанын атап өтті.
- Міне, он жылдан артық уақыт бойы біз осы екі акция аясында мұқтаж жандарға материалдық көмек көрсетіп келеміз. Айта кетейік, көмекке зәру отбасылар жергілікті жердегі партияның қоғамдық қабылдауына жүгінулеріне және мемлекеттік өкілетті органдарға өтініш берулеріне болады, - дейді Олег Чугунков.
Бесқарағай ауданында да аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектеп формасы мен құрал-жабдықтар таратылуда.
- Біздің басты міндетіміз-аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету. Бірінші кезекте, жаңа оқу жылы басталар алдында біз аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қажетті оқү құралдарымен қамтамасыз етіп, 17 млн теңгеге 900 дана мектеп формасын сатып алдық. Егер өткен жылы тек мектеп формасы берілсе, биыл жылы аяқ киімдер беріледі. Осы мақсатқа 10 млн теңге бағытталып, 1003 аяқ киім сатып алынды. Сонымен қатар, 349 бала қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Оған 3,8 млн теңге жұмсалды. Бүгінгі күні сатып алынған заттар мен мектеп құрал-жабдықтарын бөлу жүргізілуде, - деді Бесқарағай ауданының әкімі Шалқар Байбеков.
Следующая →