Усть-Каменогорск
облачно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +13°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +16°
  • Караганда
    +21°
  • Кокшетау
    +23°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +22°
  • Уральск
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
440.92
+1.52
475.36
+1.82
¥
60.95
+0.13
4.82
+0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұлан ауданында Абай саябағы ашылды

Ұлан және Тарбағатай аудандарында жаңа демалыс орындары пайда болды

Ұлан ауданының Бозанбай ауылында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай саябағы ашылды.

"Жұмыспен қамту жол картасы- 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл жоба ауыл жастарына қуаныш сыйлады. Бұрын адам аяғы баспайтын бұл жер тұрғындардың тұрақты демалыс орнына айналып үлгерді.
- "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданымызға қарасты Бозанбай ауылындағы саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстарын "Индустрой-2" ЖШС жүргізді. Саябақ ішіне арнайы серуендеу жолдары төселіп, гүлдер отырғызылды. Сонымен бірге, балалар ойын алаңы салынып, саябақ сырты толықтай қоршалды. Ерекше айта кететіні, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай саябақты Абай есімімен атадық. Саябақтың ішіне Бозанбай ауылының жастары бірлесіп, Абай Құнанбаевтың мүсінін орнатты. Осы орайда өз ауылының көркейюіне атсалысқан ауыл жастарына алғысым шексіз, - дейді Бозанбай ауылының әкімі Жасұлан Мұхтаров.
Жаңа саябақтың ашылғанына тұрғындар да дән риза. Енді балалар бос уақытын осында өткізбек. 
- Ауылымыздың көркейіп келе жатқанына шын жүректен қуаныштымыз. Енді балаларымыз Абай саябағында алаңсыз ойнайтын болды. Ойын алаңы, демалыс орны бәрі бар. Кешкі уақытта өзіміз де серуендеп қайтамыз, - дейді ауыл тұрғыны Гүлнәр Қасымова.
Осы орайда айта кетейік, Тарбағатайда да Қоскөл саябағы ашылды.
Жуықта Тарбағатай ауданы Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Қоскөл өзені жағасында Қоскөл саябағы ашылды.

Саябақ ішіне Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен майдангерлердің, тыл ардагерлерінің есімдері жазылған мемориалдық тақта орнатылды.
- Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Қоскөл өзенінің арнасы суға толып, маңайы абаттанып, тұрғындар үшін айтарлықтай демалыс орны ашылды. Сонымен қатар, осы саябақ ішінен Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен майдангерлердің, тылда еңбек еткендердің есімдері жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Осы орайда аудан әкімі ауылдағы бірқатар тыл ардагерлеріне медальдар тағып, сый-құрмет көрсетті, - деп жазды аудан әкімі Серікқазы Сәдуақасов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Следующая →