Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қала тұрғындары алаяққа алданған

Өскеменде алаяқ банктен несие рәсімдеуге көмек көрсетемін деген желеумен екі қала тұрғынын алдаған

Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұрын сотты болған 31 жастағы әйел адам банктен несие рәсімдеу көмегін көрсету желеуімен екі қала тұрғынын алдаған. 
- Алаяқ құрбандары заңсыз жолмен өздеріне несие рәсімдеп бермек болған алаяққа ақысын да төлеген. Шығын 600 000 теңгені құраған. Өскемен қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деп танылған азаматшаны тұтқындады. Нәтижесінде күдікті жасаған қылмысын толығымен мойындады. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - дейді Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.
Өскемен қалалық ПБ азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Кез келген күмән келтіретін операциялардан сақтаныңыз. 
- Естеріңізде болсын, қырағылық таныту-алаяқтардың құрбанына айналмаудың бірден бір жолы, - дейді полиция.
Следующая →