Усть-Каменогорск
облачно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +9°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО тұрғындарына 696 мыңға жуық тонна көмір жеткізілді

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары межеленген жоспарға сәйкес жүргізілуде

ШҚО энергетика және ТКШ басқармасы басшысы Дәулет Батырбаевтың мәліметінше, бүгінгі күні өңірдегі әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Денсаулық сақтау нысандары 79%, білім беру нысандары 76%, әлеуметтік қорғау нысандары 82%, тұрғын үйлер 63% дайын.

Ең бастысы, жылу көздері мен тіршілікті қамтамасыз ету  нысандарын отынмен  қамтуға баса назар аударылуда.

Облыстағы ЖЭЦ пен жылу көздерінде 342 мың тонна немесе 165% эксплуатациялық қор жиналған. Жеткізу келісімшартқа сәйкес жүргізіледі.
Бюджеттік ұйымдарға көмірді жеткізу шілде айында басталды. Жалпы қажеттілік қоры 132,1 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 85 мың тонна немесе 62% жеткізілген.

Тұрғындарды жылыту маусымында көмірмен қамтамасыз ету үшін 1123,6 мыі тонна қажет. Қазір 695,8 мың тонна көмір немесе 62%   жеткізілді.
19 тамыздағы деректерге сәйкес, облыстағы теміржол тұйықтарында 38,3 мың тонна көмір бар. Облыс тұрғындары үшін көмірдің орташа бағасы 12 500 теңге.

Жылыту маусымына дайындық үнемі бақылауда ұсталынып отыр.
Следующая →