ШҚО-да праймеризге қатысуда жастар белсенділік танытуда
Елімізде партия ішілік іріктеу –паримериз басталғаннан бері ел ертеңіне бей-жай қарамайтын азаматтар барынша ауқымды бастамаға қатысып бағын сынауға бел буған. Праймеризге қатысып жатқан кез- келген азаматтың басты мақсаты ел мүддесін биіктен көтеріп, халықтың мәселесін шешуге атсалысу. «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О. Чугунков Өскемен қаласының жастарымен кездесіп праймеризге қатысты қойған сұрақтарына жауап берді
«Nur Otan» партиясы праймериз жариялағалы бір апта уақыт өтті. Осы уақытта біздің облысымыз бойынша 707 азамат праймеризге қатысуға өтінім білдірсе, 661 азамат ресми түрде тіркеліп үміткер атанды. Осы тұста айта кетерлігі өңір жастарының белсенділігі жоғары. Партия ішілік іріктеуге 35 жасқа дейінгі 180 жас тіркеліп отыр. Өздеріңізге белгілі партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сайланбалы органдарында 35 жасқа дейінгі жастардың үлесін 20 пайызға арттыруды тапсырған болатын. Бұл партияішілік іріктеу – праймеризде ескеріліп отыр. Осынау мүмкіндікті сіздер тиімді пайдаланып еліміздің игілігі үшін жұмыс істеулеріңіз қажет»- деп қорытындылады Nur Otan партиясы ШҚОФ бірінші орынбасары.
Следующая →
- Мен праймеризге тіркеу басталған күннен бастап қажетті құжаттарымды жинастырып, қаламыздағы партия филиалына барып өткіздім. Елімізде тұңғыш өткізіліп жатқан шараға қатысып бағымды сынамақпын. Бұл еліміздің жастар үшін үлкен мүмкіндік екендігін айтқым келеді, - дейді Өскемен қалалық Жастар орталығының басшысы Сырым Бектасұлы.24 тамыз сағат 13.00-дегі ақпарат бойынша 707 адам ұсынылып, оның 661-ы кандидат ретінде тіркелді (93,4%). Оның ішінде 41,6% - әйелдер, 25% - 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 232 ( 32,7%) адам ұсынылған болса, қалған 429( 60,3%) адам – өзін-өзі ұсынушылар. Сонымен қатар, 11 көпбалалы ана, 6 ерекше қажеттілігі бар адам ұсынылды.